Fake News

Негізсіз: «Арнайы тыныс алу COVID-19 жұқтырудың алдын алады және коронавирусты дәрі-дәрмексіз емдейді»

WhatsApp-та COVID-19 «вирусқа қарсы» тыныс алу әдісі арқылы қалай емдеу керектігі туралы хабарлама тарады. Мәтінде дәл осындай әдіс короновирустық инфекция жұқтырудан сақтайды делінген. Бұл жалған.


Мәтінде COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыс жасамау және маска тағудың қажеті жоқ. Егер адам көп жүретін орындарға барған соң белгілі бір әдіспен тыныс алса, онда аурудан қорғаны қамтамасыз етілді.
«Көліктен немесе кеңседен шыққан кезде көшені бойлай жылдам жүріңіз, 5 минут бойы «вирусқа қарсы» тәсілмен тыныс алыңыз: ұзақ дем шығарып, қысқа деміңізді тартыңыз (мысалы, 4 дегенде – дем шығарып, 2 дегенде – деміңізді тартыңыз). Ауырмайтыныңызға кепілдік – бір тәулік. Тексерілген», – дейді белгісіз хабарлама авторы.
SARS-CoV-2 аса жұқпалы және патогенді вирус.
Науқас жөтелген және түшкірген кезде кішкентай тамшылар шашырайды, олардың әрқайсысында миллиардтаған вирустық бөлшек болуы мүмкін. Хирургиялық маскалар адамды осы тамшылардың түсуінен қорғайды. 
Егер вирус ағзаға енсе, онда тыныс алу жаттығулары инфекцияның алдын ала алмайды. Егер ауырған соң немесе вакцинациядан кейін COVID-19-ға қарсы иммунитет болса, ағза ауруды жеңе алады.
Коронавирусты симптомсыз науқастардан да жұқтырып алуға болады.

Хабарламада «вирусқа қарсы» тыныс алу әдісін күніне бірнеше рет қолдануға кеңес беріледі. Осылайша, организмде вирустардың көбеюіне жол бермеуге болады.
Бұл да жалған мәлімдеме.
Вирус жасушаға түсіп, оны қалыпты ақуыздардың орнына өз көшірмелерін өндіруге мәжбүр етеді. Ауру жұқтыру осылай болады. Вирустың тыныс алу жаттығулары арқылы вирустың репликациясын тоқтату мүмкін емес. Вирустың көбею жылдамдығы, оның өмірлік циклі адам ағзасының сипаттамаларына байланысты.

Тыныс алу жаттығулары сауығу, коронавирустан кейін қалпына келу кезінде пайдалы болуы мүмкін. Олар диафрагманы нығайтады, қанға оттегінің ағынын арттырады.

Автордың тағы бір ұсынысы – егер сыртқа шығып, дем алуға мүмкіндік болмаса, «сода ерітіндісін ауызда 5 минут ұстау».
«Жазыласыз. Бірден. Бір аптадан кейін емес, 3 күннен кейін емес. Бірден. Сода ерітіндісі вирустардың қабығын зақымдайды, олар ауру жасушадан (вириондар) қалыптасқан кезде, кеңсіріктің шырышты қабығында болады және оған жабысатын сау жасушаны іздейді. Вирустың қабығы зақымданғаннан кейін ол сау жасушаға жабыса алмайды», – делінген хабарламада.
Шын мәнінде, екі қышқыл натрий немесе сода SARS-CoV-2 вирусына әсер етпейді. Бұған дейін біз соданың COVID-19 алдын алуға және емдеуге көмектеспейтіні туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

Сода коронавирустың алдын алуға және емдеуге арналған – фейк

Демек, хабарламадағы ақпарат ғылымға қарсы. Тыныс алудың әртүрлі әдістері COVID-19-дан жазылуға және қалыпқа келуге көмектеседі, бірақ инфекцияның алдын алмайды және коронавирус белгілерін емдеу кезінде дәрі-дәрмекті алмастыра алмайды. Қалыпқа келтіру емі кезінде тыныс алу жаттығулары кешенін реабилитолог дәрігер тағайындайды және ол емдеу дене шынықтыру нұсқаушысының жетекшілігімен жүргізіледі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button