Медициналық фейктер

Фейк: «Егілген аналардан өкпесі ақ балалар туады»

Telegram мессенджерінде пайдаланушылар ерекше оқиға туралы жазуда. COVID-19-ға қарсы толық егілген анадан өкпесі ақ бала туған екен. Пайдаланушылардың айтуынша, емдеуші дәрігер бұл вакцинацияның жанама әсері екенін жоққа шығармайды. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге екенін айтып берейік.

Үнді дәрігері Раджеш Парик Twitter-де неонатальды мультижүйелік қабыну синдромы (MIS-N) бар баланың туу жағдайының сипаттамаларын жариялағаннан кейін бұл оқиға желіде кеңінен тарады. Оның анасы COVID-19-бен симптомсыз түрімен ауырған және толық вакцинациядан өткен. 29 қыркүйектен 3 қазанға дейін дәрігер ана мен баланың жағдайы туралы ақпаратты үнемі толықтырып отырды. Тивиттерінің ешқайсысында ол нәрестенің ауруына COVID-19 қарсы вакцина себеп болды деп жазбеған. Керісінше, дәрігер дәл осы инфекцияның синдромның дамуына әкелді деп түсіндірді және вакцинацияға қарсы адамдардан жарияланымның астына пікір қалдырмауын сұрады. Сондай-ақ ол өз тәжірибесінде мұндай жағдайды алғаш рет кезедстіріп отырғанын және әрқашан MIS-M-ге жүктілік кезіндегі ауру себеп болатынын атап өтті. Ол болашақ аналарды маска тағуға және қоғамдық орындарға бармауға шақырды, әсіресе жүктіліктің үшінші триместрінде.
2021 жылдың шілдесінде жаңа туған нәрестелерде ананың COVID-19 жұқтыруы салдарынан MIS-N дамыған бірқатар жағдайлар сипатталды. Бұл балалардың кейбіреулері вакциналар қол жетімді болғанға дейін 2020 жылдың екінші жартысында дүниеге келген. Яғни, олардың аналары вакцина алмаған.
Теориялық тұрғыдан вакцинация алған аналардың вакцинация статусы туралы олардың тарихында ештеңе айтылмаған. 
2022 жылы MIS-N-мен туған 20 баланың талдауы жарияланды. Барлық жағдайларда аналар жүктілік кезінде COVID-19-бен ауырған, бірақ олардың бәрі бірдей егілмеген.
Демек, жаңа туған нәрестелер ауруына анаға салынған вакцина себеп болды деген пікір манипулятивті және негізсіз. Ғылыми әдебиеттерде MIS-N-ге вакциналар емес, ананың ауыруы себеп болғанын көрсететін ұқсас жағдайлар көп сипатталған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button