Фейк: «Қытайда жұмыртқаны бұрыннан жаппай қолдан жасап келеді»
Қазнет қолданушылары Қытай адамдар жейтін жұмыртқаны бұрыннан қолдан және көп мөлшерде жасап келеді деп жазуда. Бұл қауесет қайдан шықты және неге ол шындыққа жанаспайтынын түсіндірейік.
Қолдан жасалған жұмыртқалар туралы қауесет Желіде 2017 жылы Қытайда оны жасау жолы көрсетілген видео шыққаннан кейін таралды.
Фактчекерлер роликті бірнеше рет жоққа шығарды. The Observers порталы видеода жұмыртқа емес, балалар ойыншығы – слайм жасау процесі екенін анықтады.
Мұндай ойыншықтарды танымал шетелдік маркетплейстерден табуға болады.
Үндістанның азық-түлік қауіпсіздігі және стандарттары басқармасының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні қолдан жұмыртқа жасау технологиясы шығарылмаған. Оның үстіне, бұл әдісті әзірлеу де қажет емес, өйткені әлемде жұмыртқа тапшылығы жоқ және олар сатып алушыларға қолайлы бағамен қол жетімді.
Пайдаланушылар Қытайда қолдан жасалған өнімдер туралы бұған дейін де жазған. Біз жасанды алмалардың әр түрлі елдерге жеткізіліп жатқандығы туралы фейкті жоққа шығарған болатынбыз.