Конспирология

Конспирология: «ДДҰ жаңа, әлдеқайда қауіпті пандемияға дайындалу үшін COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялады»

Танымал Telegram каналдарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясын енді төтенше жағдай болмағандықтан емес, балалар көп қайтыс болатын қолдан жасалған жаңа, одан да қауіпті пандемияға дайындалу үшін аяқталды деп жариялағаны туралы ақпарат тарады. Бұл конспирология.

Бұл теорияның дереккөзі – әйгілі америкалық конспиролог Алекс Джонс. Ол QAnon-ның қауіпті қастандық теориясын, covid-диссиденттікті белсенді насихаттаумен ғана емес, сонымен қатар Сэнди Хук бастауыш мектебінде орын алған оқиға қойылым болған, ал өлтірілген балалар шын мәнінде аман-сау деген мәлімдемелерімен де танымал. 2022 жылдың қазан айында сот Джонсты актерлер деп атаған марқұмдардың ата-аналарына жалпы сомасы 965 миллион доллар төлеуге міндеттейтін шешім шығарды.

Мұның бәрі Джонстың пайымдаулары мен теорияларына күмән келтіреді. Оның жаңа пандемия туралы өз идеялары 2023 жылдың мамырында Time журналында жарияланған мақаласына негіздейді. Оның авторы – Ұлттық денсаулық сақтау институтының COVID-19 қарсы вакцинаны жетекші зерттеушілерінің бірі, Гарвардтың Чан мектебінің иммунология және жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Кизмекия Корбетт.

Ол мақалада COVID-19 пандемиясынан сабақ алып, осындай тағы бір пандемия орын алған жағдайда қателіктерді қайталамау керек деп жазады. Бұл ерте ме, кеш пе болатыны ғылымда айтылған. Тарихта пандемия үнемі болып тұрады, бұл оларды біреу әдейі ұйымдастыратындықтан болмайды. 

Одан әрі конспиролог Джонс АҚШ-та сарбаздар мен ұшқыштар арасында COVID-19 қарсы вакцинация салдарынан қатерлі ісік пен басқа да ауыр аурулардың күрт өскенін айтты. Бұл ағылшын тілді порталдар 2022 жылдың желтоқсанында жоққа шығарған ескі фейк.

Сондай-ақ ол вакциналарда люцифераза және SM-102 деп аталатын қауіпті зат бар деп мәлімдейді. Бұл да өтірік. Фактчекерлер вакциналарда люцифераза жоқ деп бірнеше рет жазды. 

SM – 102 – бұл кейбір COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында болатын липид. Ол адамдар үшін қауіпсіз. 

Алекс Джонстың Билл Гейтс пен оның серіктестері балалардың өліміне әкелетін келесі пандемияны дайындап жатқаны туралы сөздері негізсіз және ойдан шығарылған.

Демек, таралған видео әйгілі конспирологтың тағы бір фейкі. Кейбір элита өкілдері балаларды өлтіру үшін қолдан пандемия жасауды жоспарлап отыр дегенге сенуге негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button