Fake News

Өзбекстан: жалған ақпарат таратушылар қалай жазаланады

Өзбекстанда наурыз айынан бастап COVID-19 коронавирусы туралы қауесеттерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жалған ақпараттардың таралуын реттейтін жеке құжат жоқ. StopFake бұл елдегі ақпарат ағыны қалай реттелетіні жайлы айтып береді.

Заңдар

Өзбекстанда ел Конституциясы, «Ақпараттандыру туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпарат бостандығының қағидаттары мен кепілдіктері туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу кепілдіктері мен бостандықтары туралы» заңдар ақпараттандыру саласын және ақпарат іздеуге, алуға, таратуға, пайдалануға байланысты мәселелерді реттеуге бағытталған негізгі заңдар болып табылады.

Ел Конституциясына сәйкес, әр азаматтың қазіргі конституциялық құрылымға қарсы бағытталған және заңда көзделген басқа да шектеулерді қоспағанда, кез келген ақпаратты іздеуге, алуға және таратуға құқығы бар. Яғни, таратуға шектеу қойылғаннан басқа кез келген ақпаратты таратуға болады.

Сонымен қатар, «Ақпараттандыру туралы» заң бойынша (121-баптың 2-бөлігі) веб-сайттың және (немесе) веб-сайт парақшасының иесі, оның ішінде блогер жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат жарияланатын Интернет дүниежүзілік ақпараттық желісінде ақпаратты жарияламас бұрын оның шынайылығын тексеруге, сондай-ақ жарияланған ақпарат шындыққа жанаспаған жағдайда, оны дереу жоюға міндетті екендігі жазылған.

Осылайша, БАҚ пен веб-сайт иелері, блогерлерді қоса алғанда, өз ресурстарында жала жабуды, қорлауды және басқа да мәліметтерді таратпауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жарияланған ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда оны дереу жоюы тиіс.

Жауапкершілік шаралары

Жоғарыда аталған міндеттер орындалмаған жағдайда, веб-сайтқа қолжетімділік және (немесе) веб-сайт парақшалары арнайы уәкілетті органмен шектелуі мүмкін. Интернет желісінде жарияланымдар мен пікірлер жазу арқылы басқа адамға жала жапқаны және қорлағаны үшін айыпты тұлғалар (БАҚ өкілі немесе блогер, басқа жеке тұлға) Өзбекстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасына сәйкес жалпы негіздер бойынша жауапқа тартылады.

Мысалы, Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2441-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін, сондай-ақ Интернет дүниежүзілік ақпараттық желісін пайдалана отырып, халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған мәліметтер мен материалдарды кез келген нысанда таратқаны үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Интернет желісінде жарияланымдар немесе пікірлер жазу арқылы басқа тұлғаға жала жапқаны немесе қорлағаны үшін ӨР Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 40 және 41-баптары , сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 139 және 140-баптары  бойынша жауапқа тарту қарастырылған.

Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 100-бабына сәйкес  ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратылған азамат немесе заңды тұлға мұндай мәліметтерді теріске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтірілген залалды және моральдық шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

 

Коронавирус туралы фейктер

Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев в марте подписал поправки в законодательство страны, предусматривающие введение уголовного наказания за распространение фейков о COVID-19.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев наурыз айында COVID-19 коронавирусы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қолдануды көздейтін ел заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойды.

Халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған мәліметтер мен материалдарды кез келген нысанда таратқаны үшін 66 млн 900 мың сум-89 млн 200 мың сум мөлшерінде айыппұл салынады немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған материалдарды шығару немесе сақтау үшін 44 млн 600 мың сум-89 млн 200 мың сум немесе 3 жылға дейін түзеу жұмыстары немесе 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button