Fake News

Манипуляция: «Кинотеатрда вакцинация паспорты болмағаны үшін 10 адам қамауға алынды»

Қазақстандықтар Telegram чаттарда Нью-Йоркте кинотеатрлардың бірінде полиция вакцинация паспорты болмағаны үшін сеанс кезінде 10 адамды қамауға алғаны туралы ақпаратпен бөлісуде. Бұл манипуляция.


Нью-Йоркте кинотеатрда 10 адамның қамауға алынғаны туралы хабарламалар биыл 7 ақпанда ағылшын тілді БАҚ-та жарияланды. Алайда оларды қамауға алудың себебі вакцинация паспорттарының болмауы емес.
Ұсталғандардың бір тобы бастапқыда кинотеатрға баруды жоспарламаған, олар міндетті вакцинацияға наразылық білдіру үшін ғимарат алдына жиналған. 
Бір кезде олар кинотеатр ғимаратына кіріп, сессияға билеттер сатып алды. Қала әкімшілігі белгілеген ережелерге сәйкес, бес жастан асқан барлық адамдар вакцинаның кем дегенде бір дозасын алғанын дәлелдеуі керек. Сонымен қатар, бір дозамен егілгендер маска тағуы керек. Фильм көргенде және кинотеатр залында тамақтану кезінде оны шешіп тастауға болады.
Наразылық білдірушілер вакцинация паспорттарын ұсынудан бас тартты, содан кейін кинотеатр әкімшілігі олардан ғимараттан шығып кетулерін өтінді. Осы кезде вакцинацияға қарсы адамдар жанжал шығарып, кинотеатр әкімшісімен дауласа бастады, осыған орай ол полиция шақырған. 
Осылайша, бұл адамдардың ұсталуына вакцинация паспорттарының жоқтығы емес, қала әкімшілігі белгілеген ережелерді бұзу және наразылық білдірушілер кинотеатр ғимаратында ұйымдастырған жанжал себеп болды. Демек, Нью-Йоркте полиция сеанс ортасында кинотеатрға басып кіріп, вакцинация паспорты жоқ адамдарды қамауға алды деген ақпарат – манипуляция.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button