Фейк: «Спутник-V» аутоиммундық аурулар тудырады»
Қазақстандықтар «Спутник-V» вакцинасы аутоантиденелердің пайда болуына және аутоиммундық аурулардың дамуына әкелетіні туралы хабарламалар таратуда. Препараттың тиімділігі дәлелденбеген, сондықтан оны егу қауіпсіз емес. Бұл жалған.
Бұл туралы ресейлік экономист Михаил Делягин мәлімдеген екен. Ол дәрігер де, вакцинация немесе жалпы медицина саласындағы маман да емес. Алайда, бұл оған COVID-19 пандемиясына қатысты мәлімдемелер жасауға еш кедергі келтірмейді. Мысалы, «Комсомольская правда» радиосының соңғы эфирлерінің бірінде ол вакцинацияланған адамдардың КВИ жұқтыру мүмкіндігі екпе салдырмағандарға қарағанда 1.5 есе жоғары екенін жеткізді. Бірақ бұл мәлімдеме ресми статистикамен және ғылыми деректермен расталмайды. Сондай-ақ, Делягиннің айтуынша, COVID-19 ауырған «нөлдік пациент» Уханьға келген АҚШ әскери қызметші болған.
Шындығында, нөлдік науқасты ғалымдар әлі анықтаған жоқ.
«Спутник-V» вакцинасының тиімділігі дәлелденбеген деген тезистер де ғылыми деректерге қайшы келеді. Препараттың клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің аралық нәтижелері ағымдағы жылдың ақпан айында медициналық рецензияланған The Lancet журналында жарияланды. Мақалада вакцинаның тиімді және қауіпсіз екендігі айтылған. Сынаққа қатысушыларда аутоиммундық аурулардың даму жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Бүгінгі таңда «Спутник-V» тіркелген және 69 елде жаппай вакцинациялау үшін қолданылуда.
КВИ қарсы егу науқаны басталғаннан бері препараттың қауіпсіз және тиімді екендігі туралы дәлелдер жеткілікті жиналды. Бұл туралы Nature және The conversation сияқты беделді басылымдар хабарлады.
Сондай-ақ, ғалымдар «Спутник-V» вирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы тиімділігін анықтау үшін егілген адамдардың қанын алып зерттеген зерттеулер бар. Делягин айтқан аутоиммунды антиденелердің дамуы туралы ғылыми еңбекте айтылмаған.
Сонымен қатар, ғалымдар КВИ қарсы вакциналардың ешқайсысының, соның ішінде мРНҚ мен векторлық препараттардың аутоиммунды аурулардың дамуы арасындағы байланысты таппады.
Бірақ COVID-19 ауырған вакцинацияланбаған адамдарда аутоантиденелердің болуы туралы бірден бірнеше ғалымдар тобы хабарлады.
Демек, Михаил Делягин медицина және вакцинация саласындағы сенімді дереккөз емес. «Спутник-V» вакцинасының дәлелденбеген тиімділігі мен препараттың аутоиммунды ауруларды тудыруы туралы мәлімдемелер негізсіз және қолданыстағы ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.