Fake News

Фейк: «Пандемия кезінде адамдар көгалдандырумен айналыса бастағандықтан жүрек-қан тамыры ауруларының саны артты»

Мессенджерлерде көгалдандыру қауіпті іс деп сендіріп, адамдардан вакцинация салдары жасырылатыны туралы ақпарат тарады. Ғалымдар пандемия кезінде адамдар өз учаскелерін көбірек көгалдандыра бастағандықтан, жүрек-қан тамыры ауруларының саны артты деген теорияны ойлап тапқан екен. Бұл өтірік.

Шын мәнінде, ғалымдар жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының өсуі туралы айтпаған. Олар лас топырақтағы химикаттар мұндай аурулардың даму қаупін арттырады деп ескерткен болатын. Бұл ретте мамандар көгалдандырудан бас тартуға шақырмаған, тек ластаушы бөлшектер ағзаға түспеуі үшін топырақпен жұмыс істегенде маска тағуға кеңес берген. Хабарламада айтылғандай, жасанды ет пен қоңызды жеуге үндеулер болмаған.
Көгалдандырудың өзіне келетін болсақ, сарапшылар оның пайдасын әлдеқашан анықтаған. Егде жастағы адамдарда оның жүрек ұстамасы қаупін төмендететіні дәлелденді. Бұл туралы БАҚ-та 2013 және 2019 жылдары жазылды.
Сондай-ақ вакцинация мен жүрек ұстамасы арасындағы байланысты медицина мамандары мен фактчекерлер жоққа шығарғанын атап өткен жөн. Мысалы, Healthline ғылыми журналында осы жылдың қаңтарында COVID-19 қарсы вакцинация жүрек ұстамасының болу қаупін арттыратындығына дәлелдер жоқ деп жазылған мақала жарияланды. 
Осы жылдың мамыр айында Fullfact фактчекинг порталы ұстамалардың көбейгені туралы хабарламалар өтірік екенін және жалған дереккөздерге негізделгенін хабарлады. Ресми деректер мұндай статистиканың өсуін растамайды.
Қорыта айтқанда: біріншіден, COVID-19-ға қарсы вакцинация жүрек ұстамасына әкелмейді. Екіншіден, ғалымдар көгалдандырумен айналыспауға шақырмаған және бұл қауіпті деп айтпаған. Олар лас топырақта қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін және онымен жұмыс істегенде маска тағу керек деп жазылған зерттеулерін ғана жариялаған. Үшіншіден, көгалдандыру пайдалы және егде жастағы адамдарда жүрек ұстамасының болу қаупін төмендететіні дәлелденген. Қазіргі заманғы зерттеулер бұл дәлелдерді жоққа шығармайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button