Медициналық фейктер

Фейк: «D дәруменін көп қабылдау COVID-19 жұқтырғанда өлімнен құтқарады»

Желі қолданушылары D дәруменін көп мөлшерде қабылдау COVID-19 жұқтырғандарды өлімнен құтқарады деп жазуда. Бұл мәлімдеме неге негізделген және бұл қаншалықты рас, талдап көрейік.

Ғалымдар Д витаминінің COVID-19 дамуына әсерін пандемия басталғаннан кейін бірден зерттей бастады. Олар бұл дәруменнің жетіспеушілігі бар адамдар D дәруменінің деңгейі қалыпты болған адамдарға қарағанда қатты ауырғанын байқаған.

Осы тақырыптағы көптеген зерттеулер әртүрлі елдерде жүргізілді. Қатысушылары аз зерттеулерде D дәрумені ең жоғары тиімділікті көрсетті. Оны қабылдаған адамдарда ауру жеңіл өтіп, асқынулар болмаған.

Еріктілер саны көп тәжірибелерде D витаминінің тиімділігі төмендеді. D дәрумені мен плацебо қабылдайтын адамдар тобында аурудың ауырлығында ешқандай айырмашылық болған жоқ. 

Нәтижелердегі айырмашылық іріктеудің көлеміне байланысты: тәжірибеге қатысатын еріктілер саны аз болған зерттеудің қорытындысы бұрмалануы мүмкін немесе адамдардың үлкен топтарына қолдануға жарамсыз болады.

Осылайша, қолда бар дәлелдерге сүйеніп, D дәруменінің үлкен дозалары аурудың ауыр ағымына әсер етеді, оның үстіне, витамин өлімнің алдын алады деп айта алмаймыз.

Биыл шілде айында Nature ғылыми журналы D дәруменінің COVID-19-дың ағымына әсері туралы мақала жариялады. Онда мұндай зерттеулер жүргізіле бастағаннан нақты нәтижеге қол жеткізілмегені айтылған. Бүгінде әлемде вакциналар мен тиімді терапия әдістері бар, сондықтан оларды алу әлдеқайда қиын болады.

Осылайша, D дәруменін көп мөлшерде қабылдайтын COVID-19 жұқтырғандар өлмейді деген ақпарат адамдарды жаңылыстырады. Бұл теорияны растайтын сенімді ғылыми дәлелдер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button