Fake News

Фейк: «ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлеуге міндетті»

Алаяқтар Қазнетте тағы да белсенді әрекет етуде. Бұл жолы пайдаланушыларға әлеуметтік желілерде «Қазмұнайгаз» компаниясының қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлеуге міндеттілігі екендігі туралы хабарландыру ұсынылады. Бұл жалған.

Жарнамалық ақпаратқа сәйкес, төлем алу үшін компанияға 110 мың теңге салу қажет. Мұның бәрі алаяқтардың ісі. Бұл туралы ескерту «ҚазМұнайГаз» АҚ ресми сайтында жарияланған.

– Қазіргі уақытта алаяқтар арнайы сайт, қосымша және әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, солар арқылы жарнама таратып, қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына инвестиция құюды ұсынады. Нәтижесінде, алаяқтар мұнай мен газ сатудан тез пайда табуға болады дейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таралған жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз, – делінген порталда.

Сондай-ақ мәтінде компанияның қызметі туралы барлық ақпаратты YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалардан алуға болатындығы айтылған.

Алаяқтар бұған дейін де қазақстандықтарға ірі компаниялар атынан төлемдер жасалады деп хабарлаған болатын. Мұндай жарнамалық хабарламалар ірі банктер мен криптобирждардың атынан тараған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button