Жаңалықтар

Фейк: «Вакцинацияланған адамдарды нақты уақыт режимінде бақылайды»

Әлеуметтік желілер COVID-19-ға қарсы егілген адамдарға MAC мекен жайлар берілетіні туралы фейк тағы да тарала бастады. Ақпаратқа сауда орталығындағы бақылау камерасының видеосы тіркеліп, вакцинацияланған адамдарды нақты уақыт режимінде бақылайды деп жазылған. Бұл жалған.


Вакцинацияланған адамдарға MAC мекен жайлары берілетіні туралы теория – конспирологиялық және жалпы дұрыс ой-пікірге қайшы келеді. Ол TikTok-тағы бір видеоның әсерінен пайда болды, ол бірден вирустық сипатқа ие болып, басқа әлеуметтік желілерде таралды. Онда AstraZeneca вакцинасы және онымен егілген адамдар Bluetooh сигналдарын қабылдайды және жібере алатындығы туралы айтылды. Бұл мүмкін еместігі жайлы біз егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

Фейк: «Вакцинацияланған адамдар Bluetooth-ға қосыла алады»

Алайда, пайдаланушылар бұл теорияны одан әрі өрбітіп, вакцинацияланған адамдарда MAC мекен жай болатынының «дәлелдерімен» бөлісе бастады, бұл жолы вакцина өндірушісі нақты аталмаған.

Құрылғылардың MAC мекен жайлары вакцинацияланған адамдардың коды емес

MAC мекен жайы – бұл желілік құрылғыға берілетін ерекше код. Бұл кодта гаджетті өндірушісі мен моделі туралы ақпарат ұсынылады.
Роутерлерде, маршрутизаторларда, желілік карталарда және т.б. құрылғыларда осындай кодтар болады. Қазіргі заманғы құрылғыларда MAC мекен жайлары желілік тақтаға «кіріктіріледі», яғни физикалық тасымалдаушысы болады.
Вакциналар құрамында ешқандай цифрлық құрылғылар, чиптер мен тақталар жоқ, олар вакцинацияланған адамдарға MAC мекен жайлар бере алмайды.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Бұл ақпаратқа тіркелген видео Желіде COVID-19 пандемиясы және осы ауруға қарсы вакцинация басталғанға дейін таралды. Мысалы, YouTube видео хостингінде ол алғаш рет 2012 жылы жарияланды.
Демек, ол егілген адамдарды бақылауды растамайды. Яғни, тараған хабарлама фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button