Фейк: «АҚШ-тың жоғары лауазымды денсаулық сақтау қызметкері күзде жаңа пандемия басталатынын айтты»
Қазнетте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) биыл күзде жаңа пандемия жоспарлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы ведомство басшысы Мэнди Коэн ашық айтқан екен. Бұл жалған.
Осы жылдың наурыз айының басында Мэнди Коэн БАҚ-қа күзде жаңа пандемия емес, COVID-19 қарсы вакцинаның жаңартылған нұсқасы шығатынын айтқан. Сонымен бірге америкалықтар тұмауға қарсы егіле бастайды. Қазіргі уақытта ғалымдар вакцинаның соңғы нұсқалары қандай штаммға бағытталатынын анықтауда.
Коэн бұған дейін CDC Консультативтік комитетінің иммундау тәжірибесі бойынша ұсынысын мақұлдаған. Ол 65 жастан асқан ересектерге қатысты. Бұл адамдар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның қосымша жаңартылған дозасын алуы керек. Сондай-ақ, иммунитеті әлсіреп, аурулармен өздігінен күресе алмайтындар COVID-19-ға қарсы қосымша егу құқығына ие.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы осы күзде жаңа пандемия дайындап жатқаны туралы ақпарат жалған. Мэнди Коэн халықты COVID-19 қарсы иммундау басталатын күнді атады. Ол үшін зерттеушілер мутацияға ұшыраған SARS-CoV-2 вирусына қарсы тиімді жаңартылған вакцинаны әзірлеп жатыр.