Фейк: «Монтаждаушылар 5G бағаналарының жанында радиациядан қорғайтын костюмдер киіп жүреді»
Әлеуметтік желілерде ұялы байланыс бағанасында жұмыс істеп жатқан адамның суреті тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, ол радиациядан қорғайтын костюм киіп алған. Бұл олай емес.
Бұл суретті алғаш рет 2019 жылы ағылшын тілді қолданушылар жариялаған. Ол фактчекерлердің назарына түседі. Радиациядан қорғайтын костюм туралы жазудың жалған екенін бірінші болып Snopes порталы хабарлады.
Шындығында, суретте бейнеленген адам қатты заттар мен ластанудан қорғайтын костюмде тұр. Мұндай арнайы киім радиациядан қорғамайды.
Сонымен қатар, 5G бағаналары басқа ұялы байланыс бағаналары сияқты радиация, сәуле шығармайды.
Радиация деп уран сияқты радиоактивті заттар, рентген аппараттары, гама сәулелерінде жұмыс істейтін жабдықтар және т.б. шығаратын иондаушы сәулеленуні атайды.
3G, 4G немесе 5G буынына қарамастан, ұялы байланыс бағаналары радиотолқындар шығарады. Олар сәулеленудің иондаушы түрлеріне жатпайды, сондықтан радиация болып саналмайды.
Демек, таралған ақпарат фейк болып табылады. Видеодағы ер адам радиациядан қорғайтын костюм кимеген, ал 5G бағаналары иондаушы сәуле шығармайды.