Фейк: «Адамдардан жасыру үшін 5G бағаналарын қарағаймен бүркемелейді»
Қазақстандықтар Telegram-чаттарда биік қарағайлармен бүркемеленген үш ұялы байланыс бағанасы бейнеленген суретпен бөлісуде. Пайдаланушылардың пайымдауынша, қарапайым адамдар «көрмес үшін» 5G антенналарын осылай жасырады. Бұл фейк.
Шын мәнінде, бұл фотосурет 2014 жылғы 11 наурызда АҚШ Калифорния штатында Сан-Луис Обиспо қаласындағы Pennington Creek Road-та түсірілген. Суретте ұялы байланыс бағаналары бейнеленген. Мұндай бүркемелеу псевдо-телефония деп аталады және қауіпсіздік пен эстетикалық көрініс үшін қажет.
Бұл әдіс АҚШ-та және басқа да елдерде қалалардың келбетін бұзбау үшін жиі қолданылады. Бағаналар пальма, кипарис немесе қарағай ағаштарымен жасырылады. Бұл ретте жабдық ашық түрде орнатылады, ал камуфляж жапырақтар мен инелердің ар жағынан антенналар көрінеді.
Суретте көрсетілген бағаналар 5G сигналдарын қабылдай немесе жібере алмайды. Сурет 2014 жылдың наурызында түсірілген, ол кезде 5G технологиясы әлі болмаған. Бұл тұжырымдама ZTE копаниясымен алғаш рет 2014 жылдың маусымында ғана ұсынылды, ал базалық станцияның алғашқы прототипі бір жылдан кейін, 2015 жылдың наурызында пайда болды. Ол Барселонада Mobile World Congress көрмесінде таныстырылды.
Осылайша, фотода көрсетілген адамдардан белгілі бір құпияны жасыру үшін бүркемеленген «5G бағаналары» іс жүзінде АҚШ-тағы қала ішінде орнатылған ұялы байланыс мұнаралар. Олар адамдарды адастыру үшін емес, эстетикалық себептермен жасанды инелермен жабылған.