Конспирология

Фейк: «Түркиядағы жер сілкіністерінің қолдан жасалғандығының дәлелдері видеоға түсірілген»

Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде түнде аспанда жарқылдаған жұмбақ заттың видеосын таратуда. Ол 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі қарсаңында түсірілген екен. Оның пайда болуына HAARP жүйесі себеп болған екен. Бұл рас па? Анықтайық.


Бұл видео Желіден оңай табылды. Роликтің бірнеше кадрын және суретті кері іздеу жүйесін қолдана отырып, біз жұмбақ жарқылдың не екенін анықтадық. Ол 2018 жылдың қазан айында АҚШ-та Оңтүстік Калифорнияда түсірілген. Ерекше құбылыс Space X компаниясына тиесілі Falcon 9 зымыранын ұшыру нәтижесінде пайда боғлан.

Яғни, таратылған видеоның Түркияға да, жер сілкінісіне де қатысы жоқ.
Хабарламада аталған HAARP жүйесі жер сілкінісі мен басқа да катаклизмдер тудыра алмайды. Бұл қондырғы Аляска университетіне тиесілі және Жердің ионосферасын бақылау үшін жасалған.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Видео 2023 жылы Түркиядағы жер сілкінісі қарсаңында емес, шамамен төрт жыл бұрын АҚШ-та зымыран ұшырылған кезде түсірілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button