Қапшағай су қоймасындағы су деңгейі төмендеп кетуі мүмкін – фейк
Бір аптадан бері әлеуметтік желілерде Қапшағай су қоймасындағы су деңгейінің төмендегені талқыланып жатыр. «Су деңгейінің сыни көрсеткішке жеткендігі» туралы материалдар қазақстандық БАҚ-та да жарық көрді. Судың азаюы салдарынан Балқаш және Шеңгелді аудандарындағы егіс алаңдары қысқарды.
StopFake.kz редакциясы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сауал жолдады. Ведомство «судың ең төменгі деңгейге» жетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы БАҚ-та жарияланған Қапшағай су қоймасындағы су деңгейі сыни көрсеткішке жетуі мүмкін деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Судың аздығына байланысты Іле өзенінің ағыны күтілгеннен әлдеқайда төмен болды, тиісінше Қапшағай су қоймасындағы су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Орташа алғанда, вегетация кезеңінде ағын 70 м3/с құрады, алайда вегетациялық кезеңнің аяқталуына байланысты Іле өзенінің ағыны ұлғая бастады және күн сайын су деңгейі 2-3 см артуда», – деп хабарлады Министрліктен.
Ведомствода атап өткендей, вегетация кезеңінде суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Қапшағай су қоймасынан су ағызу 500 м3/сек құрады, қазір бұл көлем – 250 м3 тең.
«Бүгінгі таңда ағын бойынша судың орташа тәуліктік шығыны 558 м3/сек, су қашырту – 250 м3/сек, Қапшағай су қоймасының көлемі 14640 млн м3 құрайды, осыған байланысты күн сайын 20-30 млн м3 су жинау режимі сақталады», – делінген Экология министрлігінің хабарламасында.