Жаңалықтар

Фейк: «Қараша айында балабақшалар мен мектептерде балаларды улы газдармен улай бастайды»

Telegram-да пайдаланушылар ағымдағы жылдың қараша айында балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақшаларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат талқылануда. Бұл ата-аналарды балаларды КВИ-ге қарсы егуге мәжбүрлеу үшін жасалады екен. Бұл жалған.


Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Бұл фейк ақпарат. Қазіргі уақытта мектептерде КВИ таратпау бойынша барлық шаралар қабылданды, 379 540 педагог пен мектеп қызметкерлері вакцинацияланды. Бұл барлық орта білім беру қызметкерлерінің 96%-ы. Оқушылар арасында КВИ таралуына жол бермеу бойынша шаралар алгоритмі әзірленді, – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратушылар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. Яғни, бұл бап бойынша 3 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілік, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Сондай-ақ, азот оксидін көзге көрсінбейтіндей шашу мүмкін емес екенін айта кеткеніміз жөн. Азот оксиді – өткір иісі бар қызыл-қоңыр, кейде қызғылт сары газ. Оны байқамау мүмкін емес. Бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: «Коронавирус ауру емес, азот диоксидімен улану»

Бериллий – сұр түсті қатты зат. Оны ұнтақ немесе түйіршіктер түрінде ауамен араластырған кезде жарылыс болуы мүмкін. Сондықтан бериллий шашу өте қауіпті идея, оның да назардан тыс қалуы екіталай.

Демек, оқу орындарында балаларды газдармен улайтыны туралы хабарламалар ойдан шығарылған. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар мен ересектерді COVID-19-дан қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button