Медициналық фейктер

Фейк: «Вакциналар мен агрессивті мінез-құлық – аллергияның себептері»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда аллергияның пайда болу себептерін талқыға салды. Олар екі теорияны алға тартты: біріншісі, аллергия тек вакцинацияланған балаларда ғана болады, екіншісі, аллергияның себебі – агрессивті мінез-құлық. Екі теорияны да талдап, олардың неге шындыққа жанаспайтынын түсіндірейік.

Ғалымдар аллергияның даму себептерін белсенді зерттеп жатыр, бірақ ол кейбір адамдарда неге болады, ал басқаларында болмайды деген сұраққа нақты жауап әлі табылған жоқ. 
Алайда, зерттеушілер көп жағдайда аллергияның болуы немесе болмауы генетикаға байланысты екенін дәлелдеді. Мысалы, баласы аллергиясы жоқ адамдарға қарағанда аллергиясы бар ата-аналарда әртүрлі аллергиялық реакциялардың пайда болуына бейім бала туылуы ықтимал. Сондай-ақ темекі шегу, қоршаған ортаның ластануы, гормоналды бұзылулар және т.б. факторлар аллергияның дамуына әсер етеді.
Екпелер аллергияның дамуына ықпал етеді деген теория бұрыннан айтылып келеді. Сондықтан оны ғалымдар бірнеше рет тексерді. Америкалық ғалымдар вакциналардың астма мен өсімдіктерге аллергияның дамуына әсеріне қатысты зерттеулер жүргізді. Олардың арасындағы байланыс анықталған жоқ. Нидерланд ғалымдары да осыған ұқсас зерттеулер жүргізіп, нәтижелері 1966-2003 жылдар аралығында жарияланды. Олардың ешқайсысында вакциналар мен аллергияның арасында байланыс орнатылған жоқ. 
2003 жылы Филадельфия университетінің ғалымдары зерттеулерге шолу жариялады, оған сәйкес вакциналар аллергия мен аутоиммундық ауруларға әкеледі деген теорияға нақты негіз жоқ.
Аллергиялық реакциялардың Ежелгі Грек және Ежелгі Рим трактаттарында, яғни вакциналар пайда болғанға дейін сипатталғанын да атап өткен жөн.
Аллергия тек агрессивті адамдарда ғана дамиды деген жорамалға да ғылыми негіз жоқ. Бұл тақырыпта зерттеулер жүргізілмеген, ал аллергиясы бар адамдарды бақылау бұл теорияға қайшы келеді. Ашық мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та алты нәрестенің бірінде аллергия болады. Олар кішкентай болғандықтан агрессия таныта алмайды.
Демек, эмоциялар аллергия тудыруы мүмкін дегеен пікір негізсіз. Бірақ аллергиялық реакциялар адамның эмоционалды жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ғалымдар тұрақты аллергиялық риниті бар адамдар басқаларға қарағанда депрессияға және созылмалы шаршауға әлдеқайда бейім екенін анықтады. 
Қорыта айтқанда, вакциналар да, агрессия да аллергиялық реакциялардың себебі емес. Қазнетте тараған хабарламалар – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button