Fake News

Фейк: «Медитациядан кейін адам денесі емдік қасиеттерге ие 100 000 фотон шығарады»

Әлеуметтік желілерде Кассель университетінің адам фотондарының сәулеленуі бойынша зерттеуі туралы ақпарат тарады. Хабарламада адам денесі, атап айтқанда кеуде қуысы, әдетте 20 фотон шығарады деп жазылған. Бірақ медитациядан кейін олардың саны 100 000-ға дейін артады. Сонымен қатар бұл фотондар махаббаттың емдік қасиеттеріне ие және ауруларды емдейді екен. Бұл өтірік.

Фотон – бұл электромагниттік сәулелену кванты. Фотондарда масса да, электр заряды да жоқ. Олар электромагниттік сәулелену энергиясын жарық радиотолқындары түрінде тасымалдайды.

2009 жылғы жапон зерттеуіне сәйкес, адамның жарық шығаратыны рас, яғни биофотондар шығарады. Бірақ олардың толқындарының ұзындығының қысқа  болатыны сонша, тіпті адам бұл жарықты көре алмайды. Оның қарқындылығы көз сезімталдығынан 1000 есе әлсіз. Шын мәнінде, адамның жарық шығаруында тылсы ештеңе жоқ, өйткені шығарылған фотондар энергия алмасуы нәтижесінде пайда болатын энергия болып табылады. Мысалы, қарапайым заттарға ыдырау немесе заттардың тотығуы.

Германияның Нойс қаласындағы Халықаралық биофизика институтының ғалымдары дененің және оның жеке бөліктерінің, мысалы, бет пен дененің фотондық сәулеленуін талдаған. Осы зерттеудің нәтижелері фотондардың ең аз санын кеуде-іш қуысы бөліп көрсеткенін көрсетті. Көп ммөлшерд – бас және қол.

Халықаралық биофизика институтының «Медитацияның қол мен маңдайдағы ультра әлсіз фотондардың сәулеленуіне әсері» атты тағы бір зерттеуінде медитация жаттығулары шығарылатын фотондардың санын қалай өзгертетіні көрсетілген. Ғалымдардың пікірінше, шамадан тыс фотондық эмиссия, яғни жарықтың шығуы медитация кезінде айтарлықтай немесе аздап азаяды және одан кейін төмен болып қалады.

Жоғарыда аталған үш зерттеу таралған хабарламада аталған Германияның Кассель университетінің жұмысын жоққа шығарады. Өйткені іс жүзінде бұл олай емес. «Ғылыми бақыланатын университеттік зерттеу адамдардың медитация арқылы секундына 100000 фотон жарық шығара алатындығын көрсетеді» деген мәлімдемені APP FACTCHECK жоққа шығарды. Мақалада, біріншіден, бұл жұмыс қазіргі кездегі «нәзік энергия және энергетикалық медицина» журналында жарияланды делінген. Ол қандай да болмасын ғылыми журналда немесе басқа сенімді дереккөзде жарияланбаған. Екіншіден, Кассель университетінің өкілі оқу орнының зерттеуге қатысқанын жоққа шығарды. Үшіншіден, ғылыми тәжірибелердің нәтижелері мен сарапшылардың жеке пікірлері мәлімдеменің қате екенін растайды.

Science shines light on claims meditation makes body brighter

Демек, әлеуметтік желілерде тараған хабарлама – фейк, өйткені адам 100 000 фотон шығарса, онда қараңғыда жарқырап тұратын еді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button