Fake News

Қазнетте пандемияның фейк белгілері таралуда

Қазақстандықтар желіде пандемияның фейк белгілерін таратуда. Салыстырмалы кестеде «Шын» және «Жалған» пандемияның белгілері көрсетілген. Шындығында, жарияланымда көрсетілген белгілердің ешқайсысы дұрыс емес.


Пост авторы «шын» пандемияға тән белгілерге «әркім өз жақындарының арасындағы ауыр науқастарды біледі», «өлім жағдайлары өте көп» тіркелгенін және «саясаткерлер мен дәрігерлер адамдарды тыныштандыру үшін бәрін жасайтынын» жатқызған. Шын мәнінде, тарихта бірде-бір пандемияның мұндай белгілері боғлан емес. Кез келген пандемияның бір ғана өлшемі бар – аурудың әлем бойынша таралуы.
Өлім-жітім көрсеткішіне келсек, ол аурудың түріне байланысты өзгереді. Мысалы, ДДСҰ 2009 жылы жариялаған доңыз тұмауы пандемиясы 16000-нан астам адамның өмірін қиды, ал испан тұмауы пандемиясы кезінде, әртүрлі есептеулер бойынша, 50-ден 100 миллионға дейін адам көз жұмған. Қазіргі уақытта туберкулез пандемия деп танылды – бұл ауруға жыл сайын шамамен 8 миллион адам шалдығады және 2007 жылдың басында 40 миллионға жуық адам АИТВ-инфекциясын жұқтырған.  Алайда, үлкен көрсеткіштерге қарамастан, әр адам кем дегенде туберкулез жұқтырған бір адамды және жақын араласатын адамдарының арасында бір АҚТҚ жұқтырған адамды біледі деп айту дұрыс емес.
Айта кетейік, пандемия кезінде әрдайым қатаң карантиндік шектеулер енгізілмейді. Тарихта бірнеше пандемия болды, тек кейбір жағдайларда ғана билік азаматтарды санитарлық талаптарды орындауға міндеттеді және мемлекеттік шекараларда қозғалысты шектеді.
Пандемия кезінде биліктің басты міндеті – аурудың алдын алу, оның табиғаты туралы уақтылы және толық ақпарат беру. COVID-19 пандемиясына қатысты ақпарат көпшілікке қолжетімді, әртүрлі тілдерге аударылған және ұдайы жаңартылып отырады. Бұл адамдардың барлық алдын алу шараларын сақтауы үшін қажет.
Сондай-ақ, басылымда «шын» пандемия кезінде саясаткерлер экономиканы ұстап тұру үшін бәрін жасайды, ал «ойдан шығарылған» індетте тұтастай салаларды қасақана жояды. Қазақстанда пандемия басталғалы бері экономиканың бірде-бір саласы жойылған жоқ. Карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты мемлекет шағын және орта бизнеске кредиттік кепілдіктер, жеңілдікті қарыздар, субсидиялар, салық төлемдері мен банктік борышты өтеу есебіне төлемдер бойынша мерзімін ұзарту түрінде қолдау көрсетті.
Пост авторы «жалған» пандемия белгілерінің ішінде «қомақты ақшалай айыппұлдар» туралы айтады. Бірақ карантиндік шектеулерді сақтамағаны үшін ақшалай айыппұлдар салу – бұл жаңа ереже емес. Мысалы, испан тұмауы пандемиясы кезінде, 1918-1920 жылдары, Калифорнияда (АҚШ) маска болмаса, 5 доллардан 100 долларға дейінгі мөлшерде айыппұл салынған, тіпті 10 күнге дейін түрмеге отырғызу жазасы қарастырылған. 
Қазақстанда маска тақпаған үшін бас бостандығынан айырмайды.
Демек, «шын» және «жалған» пандемияның барлық белгілері қауесеттерге негізделген және ешқандай ғылыми негізі жоқ ойлар.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button