Fake News

Фейк: «Ауруханаларда пациенттерді ұзақ уақытқа қалай қалдыруға болатынын үйретеді»

Әлеуметтік желі қолданушылары аурухана қызметкерлеріне арналған маркетингтік тренингтің видеосын таратуда. Жүргізушінің артындағы экранда іс-шараның тезистері жазылған, олардың бірі дәрігерлерге «пациенттерді ұзақ уақытқа қалай қалдыруға болатынын» үйретуге қатысты. Бұл ауруханаларда адамдардың жағдайын әдейі нашарлатады дегеннің белгісі емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Қазір Қазнетте таралып жатқан кадрлар 2022 жылдың тамыз айының басында Қытайда Сычуань провинциясындағы жеке ауруханалардың бірінде түсірілген. Видеода жеке клиникада қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі тренингтің бір бөлігі көрсетілген.

Іс-шара ұйымдастырылған аурухана өкілдері түсіндіргендей, Желі қолданушылары видеоға түсірілген презентацияны дұрыс түсінбеген.

– «Науқастарды ауруханада ұзақ уақытқа қалай қалдыруға болады» деген слайд медициналық қызметтер сапасы мен ол  туралы хабардарлықты арттыруға, сонымен қатар пациенттердің өздерін үйдегідей сезінуіне қатысты айтылған; «пациенттерді ақы төлеуге кезекке тұрғызу» слайды көптеген керемет ауруханаларда медициналық қызмет жақсы көрсетіліп, науқастар дәрігерге көріну үшін ұзын-сонар кезекке тұратын жағдайға қатысты. «Медициналық қызметтер сапасын жақсарту және пациенттер арасында беделіңді арттыруға ұмтылу қажет», — деп жазды клиника өкілдері БАҚ-қа арналған ресми түсініктемеде. 

Аурухана директоры Лэй Муцзюнь де бұл жағдай үшін кешірім сұрап, оны «сөздер дұрыс қолданылмаған жағдай» деп атады. Сондай-ақ ол «аурухана нормативтік тілге белсенді түзетулер енгізетініне» уәде берді.

Яғни, дәрігерлер пациенттерден ақша алу үшін зиян келтірмей, керісінше, қызмет көрсету сапасын арттыруға және клиникада қолайлы жағдайлар жасауға тырысқан.

Демек, таралған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button