Fake News

Фейк: «Вакциналар бедеулік тудыратыны туралы «испан тұмауы» кезінде айтылған болатын»

Қазнетте испан тұмауы пандемиясы кезінде түсірілген қысқаметражды мультфильм тарады. Онда вакциналар жас адамдарда бедеулік тудырып, қарттарды өлтіреді деген ескерту бар. Бұл – ескі фейк.


Қазір таратылып жатқан мультфильм жалған. Ол былтыр жазда Желіде кеңінен тараған. Snopes және Reuters-тің фактчекерлері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшы және HoaxEye жобасының негізін қалаушы Янне Альберг мультфильмнің заманауи компьютерлік технологиялардың көмегімен жасалғанын хабарлады.

1930 жылдардағы нақты мультфильмдер негізге алынып, сюжет қолдан жасалған мультфильмнің авторлардың ниетіне сәйкес келетіндей етіп өзгертілген.
Мультфильмнің 1918 жылы болған испан тұмауы пандемиясына ешқандай қатысы жоқ. 
Испан тұмауы пандемиясында бұл ауруға қарсы вакцина болмағанын атап өткен жөн. Ол кейіннен, 1942 жылы әзірлеенді. 
Демек, тұмауға қарсы вакцина бедеулікке әкелуі мүмкін деген теориялар испан пандемиясы кезінде болмаған, өйткені әлемде тұмауға қарсы вакциналар әзірленбеген боалтын.
Тұмауға және COVID-19-ға қарсы қазіргі вакциналар фертильділікке ешқандай әсер етпейді. Мұны көптеген ғылыми зерттеулер растайды. 
Біз сондай-ақ вакциналардың бала туу қабілетінің жоғалуымен байланысы туралы фейктерді дее бірнеше рет жоққа шығардық.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар бедеулікке әкелетін ақуызды белсендіреді»

Қорыта айтқанда, біріншіден, таратылған мультфильм ХХ ғасырдың басында жасалмаған және жалған болып табылады. Екіншіден, испан тұмауы пандемиясы кезінде оған қарсы вакциналардың бедеулікке әкелуі мүмкін емес, өйткені мұндай вакциналар пандемия басталғаннан кейін 20 жылдан астам уақыт өткен соң ойлап табылды. Үшіншіден, қандай да болмасын вакциналар ффертильділікке әсер етуі мүмкін деген теориялар – бұл ғылыми деректермен және статистикамеен бұрын әшкереленген миф.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button