Fake News

Манипуляция: «Ғалымдар тін жасушаларынан синтетикалық эмбриондар өсірді»

Қазнетте ғалымдар ұрық жасушаларын пайдаланбай және ұрықтандыру жүргізбей эмбриондар өсіре алғаны туралы ақпарат тарады. Telegram чаттарға қатысушылар болашақта мұндай эмбриондар адам ағзаларын өсіру үшін пайдаланылады деп жазуда. Бұл манипуляция.

Таратылған хабарламада ең маңыздысы көрсетілмеген: ғалымдар адамның емес, тышқандардың эмбриондарымен тәжірибе жасаған. Бұл туралы 2022 жылдың 1 тамызында Cell журналында жарияланған зерттеу тақырыбында жазылған.

Сондай-ақ ақпарат бұл жұмыс технологиясы және оның негізінде синтетикалық адамды өсіруге болатындай етіп ұсынылған. Шын мәнінде, бұл олай емес.

Зерттеу мәтінінде ғалымдардың тышқандардың тері жасушаларын қолданғаны айтылған. Олар тін жасушаларына айналатындай модификацияланған, содан кейін ана құрсағына барынша ұқсайтын ортаға орналастырылылды. Нәтижесінде 100 000 жасушаның тек 50-і ғана, яғни 0,5%-ы эмбрион тәрізді ағзаға айналды.

Сонымен қатар зерттеу авторлары France24 порталына алынған организмдер эмбриондар емес екенін хабарлаған. Олар нақты эмбриондардан ерекшеленеді.

Дегенмен, бұл зерттеуді сәтті деп санауға болады, өйткені бұл ғалымдардың тін жасушалары мен олардың әрекеті туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Алынған мәліметтерді қолдана отырып, болашақта көптеген адамдардың өмірін сақтап қалатын жасанды адам ағзаларын өсіруге болады. Ал бүгінгі таңда бұл бірқатар себептерге байланысты, соның ішінде этикалық тұрғыдан мүмкін болмай отыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button