Фейк: «Қазақстанда «Спутник-V» тіркеу мерзімі биыл 15 қазанда аяқталды»
Қазнет қолданушылары адамдарды «Спутник-V» вакцинасымен вакцинациялау заңсыз, себебі препаратты ҚР аумағында тіркеу осы жылдың 15 қазанында аяқталды деген ақпарат таратуда. Бұл жалған.
Вакцинаны тіркеу мерзімінің өткендігі туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
– ҚР ДСМ МжФБК бұйрығына сәйкес, SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған құрамдастырылған векторлық вакцина – Гам-КОВИД-Вак вакцинасына берілген уақытша тіркеу куәлігі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды, – деп хабарлады ведомстводан.
Демек, қазақстандықтардың бұл вакцинамен егілуі заңды. Естеріңізге сала кетейік, препарат клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық қажетті кезеңдерінен өтті және COVID-19 алдын алудың тиімді және қауіпсіз құралы болып табылады.
Яғни, Қазақстанда «Спутник-V» тіркеу мерзімі аяқталғаны туралы ақпарат фейк болып табылады.