Фейк: «Әйелдің киімін киіп алған ДДҰ-ның бас директоры видеоға түсіп қалған»
Қазақстандықтар бөліскен видеороликте ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Гебрейесустың әйелдің қысқа шалбары мен жейдесін киіп, сыра ішіп отыр. Бұл ДДҰ-ға ешқандай қатысы жоқ ескі фейк.
Видео Желіде 2020 жылы жазда, көптеген елдерде локдаун енгізілгенде кеңінен тарады. Онда Тедрос Гебрейесус өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамай, бар аралап жүр деп жазылған болатын. Роликті бразилиялық фактчекерлер жоққа шығарды. Олар кадрлардың COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін 2020 жылдың 16 ақпанында түсірілгенін анықтай алды. Мұндай тұжырым кадрда жұмыс істеп тұрған теледидардан көрсетілген Domingão do Faustão бағдарламасының эпизодына байланысты жасалып отыр. Ол эфирге 16 ақпанда шыққан.
Сондай-ақ G1 порталы кеңейтілімі жоғары сапалы видеоға қол жеткізген. Бұл фаткчекерлерге даяшылардың бірінің көйлегіндегі нөмірді көруге мүмкіндік берді. Олар оған қоңырау шалып, түсірілім жүргізілген бардың Бразилияда Сан-Паулу қаласында орналасқанын анықтады. Бар қызметкерлері телефон арқылы сөйлескен кезде видеодағы келуші ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус емес екенін айтқан.
2020 жылдың 16ақпанында Тедрос Гебрейесус Бразилияда емес, жұмыста болған. 2020 жылдың 15 ақпанында ол Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысқан, ал 18 ақпанда ДДҰ-ның COVID-19 таралуы бойынша баспасөз конференциясында болды.
Қорыта айтқанда, таратылған видео – фейк.