Fake News

Фейк: «Қуатты телескоппен ғарыш кемесінің Айға кіргенін көрген»

Қазнетте ғарыш кемесінің кратерге ұқсас тесік арқылы Айға кіргені көрсетілген ролик тарады. Онда бұл жағдайды қуатты телескоппен көргені жазылған. Бұл фейк.


Бұл видео өткен жылдың сәуір айында Желінің ағылшын тілді сегментінде пайда болды. Оны өзгеғаламшарлықтар мен уфологияға арналған сайт пайдаланушылары белсенді бөлісті.
Роликтің жазбасында оның компьютерлік графика – CGI көмегімен жасалғаны көрсетілген. Осылайша, оның авторлары кеменің Айдың ішінде орналасқан құпия базаға келуі қандай болуы мүмкін екендігін қиялдаған. Ролик жарияланған сайттарда оның ойын-сауық мақсатында ғана жасалғаны айтылған.

YouTube-та жарияланған түпнұсқа видеода оның соңғы бөлігінде америкалық әскер және «өзгеғаламшарлық әскер» қатысқан оқу-жаттығулар көрсетілген. Бұл ролик те Желіде кеңінен тарады. Біз оны жоққа шығарған болатынбыз. Видеодағы ғарыш кемесі компьютерлік технологиялар көмегімен жасалған.

Фейк: «Желіде әскерилер мен белгісіз ұшатын нысанның бірлескен жаттығуларының видеосы тарады»

 

Демек, таратылған видео астрономия әуесқойы телескоппен түсірген шынайы кадрлар емес, компьютерлік графика.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button