Тарих

Конспирология: «Титаниктің апатқа ұшырауы «жоспарланған»

Қазақстандықтар ағылшын тілді Желі сегментінде танымал конспирологиялық теорияны таратуда. Ол «Титаниктің» батуы алдын ала жоспарланған және Морган Робертсонның «Титанның» батуы немесе пайдасыздық» әңгімесінде егжей-тегжейлі сипатталған екен. Әдеби шығарма мен шындықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдап, оқиғаның алдын ала жоспарланғанын болжау немесе дәлелі емес екенін түсіндірейік.

Морган Робертсон кеме апаты туралы әңгімесін 1898 жылы, Титаник оқиғасына дейін 14 жыл бұрын, 1912 жылы жазған. Оның кейбір жері әйгілі алып кеменің апатқа ұшырауының егжей-тегжейлерімен толық сәйкес келетіндіктен оқиға апатты болжаған деп саналады. Мысалы, ойдан шығарылған кеменің атауы «Титан», ал шын кеме «Титаник» болған. Повестьтегі кеменің ұзындығы – 800 фут, ал «Титаниктің» ұзындығы – 882.5 фут. Ойдан шығарылған және нақты кеменің сыйымдылығы үш мыңға жуық жолаушы болған. Ең бастысы, олардың екеуі де сәуір айында Солтүстік Атлант мұхитында айсбергпен соқтығысып, апатқа ұшырады.

Алайда, егер повесть авторы Морган Робертсонның өмірбаянына көз жүгіртсек, бәрі түсінікті болады. Ол кеме капитанының ұлы және балалық шағының көп бөлігі теңізде өткен. Морган өскен кезде, каюталық юнга қызметіне кіріп, теңізде саяхаттайды. Оның кеме жасау және теңіз туралы білімі болды, осы саладағы жаңалықтарды қадағалап, осы білім негізінде повестьтер жазды.

Ол сипаттаған кеменің «Титаникке»-ке ұқсайтыны таң қаларлық емес. Әңгімені жазу кезінде 1844 жылы суға түсірілген аздап ұқсайтын «Ұлыбритания» кемесі болған.

1897 жылы, повесть жазылғанға дейін бір жыл бұрын, «Кайзер Вильгельм дер Гроссе» лайнері суға жіберілді. Оның сипаттамалары «Титаникке» ұқсас болды. «Кайзер Вильгельм дер Гросседе» де «Титаниктегідей» төрт эллипсоидты құбыр болды.

Сонымен қатар повесть жазылған кезде «Титаникке» ұқсас кемелер жасау техникалық тұрғыдан мүмкін болды және бұл туралы әңгімелер айтылды. 1902 жылы «Мавритания» круиздік кемесін салу туралы шешім қабылданды, ол ішкі безендірудің сәнділігі мен техникалық сипаттамалары жағынан «Титаниктен» кем түспеді. Ол 1907 жылы суға жіберілді.

Мұның бәрі шығармада сипатталған «Титан» кемесі Робертсонның қиялының жемісі емес, керісінше сол кездегі круиздік кемелердің жалпы және жетілдірілген бейнесі болғандығын көрсетеді.

Ойдан шығарылған және нақты кемелер арасындағы ұқсастықтар, өлшемдер мен техникалық сипаттамалар осылай түсіндіріледі.

Апатқа келетін болсақ, Морган Робертсонның өмірі теңізде өткенін және кеме жасаумен байланысты барлық нәрсеге деген қызығушылығын ескерсек, ол сәуір айы – Солтүстік Атлант мұхитынан өту үшін ең қауіпті уақыт екенін білді, өйткені бұл уақытта онда айсбергтер қозғалады.

Сонымен қатар кітап жазылғанға дейін алты жыл бұрын Титаник батып кеткен жерден 150 шақырым жерде осыған ұқсас кеме апаты болды. Бортында 74 жолаушы мен үш тоннадан астам жүгі бар «Нароник» кемесі Ливерпульден Нью-Йоркке бара жатқан. Кейіннен «Титаникті» салған кеме жасау компаниясының нұсқасы бойынша, «Нароник» айсбергке тап болған, нәтижесінде команданың ешқайсысы аман қалмады, ал кеме бұзылды.

1987 жылы Робертсонның кітабы шыққанға дейін екі жыл бұрын тағы бір кеме Вайллант айсбергпен соқтығысқан. Оны өтіп бара жатқан кеме құтқарып, аман қалған адамдар растады.

Осының бәрі Робертсонның повесть сюжетіне дауыл немесе, лайнер жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуін емес, айсбергпен соқтығысуды неге таңдағанын түсіндіреді.

Сондай-ақ Робертсонның кітабында ұқсастықтардан басқа, нақты «Титаниктен» айтарлықтай айырмашылықтар да бар екенін ұмытпайық. Мысалы, «Титан» шығармасында соқтығысу салдарынан аударылды, ал «Титаник» екіге бөлінді. Кітапта тек 13 жолаушы ғана аман қалса, шындығында 700-ден астам адам құтқарылды. Сонымен қатар шығармада кеме капитаны айсбергте тұратын полярлық аюды өлтіруге мәжбүр болған көрініс сипатталған. Ал апатқа ұшыраған «Титаник» контекстінде ақ аюлар туралы қандай да бір мәліметтер жоқ.

Демек, Морган Робертсонның кітабы болжам емес, сол кездегі кеме жасау технологиялары мен сумен трансатлантикалық саяхаттаудың ерекшеліктеріне негізделген ойдан шығарылған сюжет. Қазіргі уақытта осы сияқты әуе апаттары, метеориттердің құлауы және басқа да апаттар туралы фильмдер түсіріліп жатыр, олар теориялық тұрғыдан болуы ықтимал, бірақ болжамдар емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button