Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар пандемия басталғанға дейін бір жыл бұрын әзірленген»
Танымал қазақстандық Telegram-арнада AstraZeneca компаниясы өндірген COVID-19-ға қарсы вакцина пандемиядан бір жыл бұрын дайын болғандығы туралы ақпарат таратылуда. Бұған препараттың шығарылған күні басылған қаптама дәлел болады екен. Бұл фейк.
2018 жылғы 15 шілдеде шығарылған вакцина қаптамасының суреті 2021 жылдың шілдесінде желінің ағылшын тілді сегментінде тараған болатын. Ол кезде бұл туралы шетелдік фактчекерлер жазды. Reuters порталы вакцина қаптамасының шын суреттері 2020 жылы бірнеше дереккөзде жарияланғаны анықтады. Оларда шығарылған күні көрсетілмеген.
AFP Factcheck порталы ресми түсініктеме алу үшін препарат өндірушісіне жүгінді, оған суреттегі вакцина қаптамасының түпнұсқа, бірақ көрсетілген шығарылған күні графикалық редакторлармен жазылған деен жауап берілді.
AstraZeneca компаниясының вакцинасының ресми сайтында дәрі-дәрмек қаптамаларында шығарылған күні жоқ деп айтылған. Оның орнына өндіруші вакцина қолданылуы тиіс күнді жазады.
Сонымен қатар таратылған суретте «шығарылған күні» қорапты жапқан кезде оны медициналық персонал байқамауы мүмкін болатындай етіп жазылғанын атап өткеніміз жөн. Яғни, мұндай аса маңызды ақпаратты осылай жазу мағынасыз.
Демек, таратылған фото – фейк. Вакцинаның шығарылған күні Желіде бұрын жарияланған суретке графикалық редакторлардың көмегімен қосып, жазылған. COVID-19 қарсы вакциналар ауру анықталғаннан кейін және оның қоздырғышы анықталғаннан кейін ғана әзірлене бастады.