Fake News

Манипуляция: «Pfizer вакцинасын сынау 2025 жылға дейін жалғасады»

Қазнетте Pfizer вакцинасын адамдарда 2025 жылға дейін сынақтан өткізетіні туралы ақпарат тарады. Вакцинацияға қарсы адамдар АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) ресми порталында жарияланған вакцинаны мақұлдау туралы құжатты оқығаннан кейін осындай қорытынды жасап отыр. Бұл мәлімдеме манипуляция болып табылады. Неге екенін түсіндіріп берейік.


Ақпаратта келтірілген зерттеулер мен оларды жүргізу мерзімдерінің тізімі Pfizer/BioNTech компаниялары шығарған Comirnaty вакцинасына берілген мақұлдау хатында көрсетілген. Алайда вакцинацияға қарсы адамдар бұл тізімді контекстен үзіп алып, сынақтардың мағынасын бұрмалаған.
Құжаттың өзінде, зерттеулер тізіміне дейін олардың постмаркетингтік болып табылатыны жазылған.
Постмаркетингтік зерттеулер, әдетте, өнім тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын қажетті клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерден өткеннен кейін жүргізіледі. Бұл осы немесе басқа препаратты қолдану нәтижелерінің толық сипаттамасын алу үшін қажет.
Постмаркетингтік зерттеулер немесе бақылаулар клиникалық сынақтар болып саналмайды, өйткені олар қатаң емес. Сондай-ақ, препараттың мемлекеттік немесе халықаралық реттеушімен мақұлдануы және нарыққа жіберілуі үшін қажетті нақты дозасы, ықтимал жанама әсерлері, тиімділігі және басқа да көрсеткіштері клиникалық сынақтар барысында анықталатынына назар аударған жөн.
Comirnaty вакцинасы осындай 49 клиникалық сынақтан өтті. Оның 9-ы бірінші сатыда, 28-і екінші және 12-сі үшінші сатыда болды. Еріктілер АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия және т.б. сияқты 23 елде жұмысқа қабылданды.
Биыл 16 желтоқсанда FDA Comirnaty вакцинасын мақұлдау туралы жаңартылған хат шығарды, онда алғашқы құжат жарияланғаннан бері жүргізілген сынақтардың нәтижелері ескерілді. 16 желтоқсандағы хатта: «Осы мәліметтерге сүйене отырып, FDA Pfizer/BioNTech COVID‑19 қарсы вакцина 12-15 жасқа дейінгі жастарда тиімді болуы мүмкін деуге толық негіз бар деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, FDA алынған мәліметтер жиынтығына сүйене отырып, COVID‑19 алдын алу үшін Pfizer/BioNTech вакцинасының артықшылықтарының әлеуеті 12-15 жасқа дейінгі адамдарда жағымсыз реакциялардың белгілі және ықтимал қауіптерінен асып түсетінін анықтады».

Демек, вакцинаны сынау кестесіндегі құжаттан алынған үзінділер препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі үшін әлі де тексерілетінін дәлелдемейді. Олар алынған құжатта, керісінше, препараттың сапасын бақылау барлық 49 клиникалық сынақ аяқталып, нарыққа шыққаннан кейін де жалғасатыны жазылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button