Fake News

Дәлелсіз: «Канадада вакцинация салдарынан 96 бала кенеттен қайтыс болды»

Қазақстандықтар Telegram-да Канадада 96 бала COVID-19 қарсы вакцинация салдарынан қайтыс болды деген ақпаратты таратуда. Бұл рас па? Анықтайық.


Дереккөзі – канадалық дәрігер Уильям Макис. Бұған дейін ол 80-нен астам канадалық дәрігер вакцинация салдарынан қайтыс болды деп жазған еді. Марқұмдардың жариялаған тізімінің вакциналарға қатысы жоқ. Мысалы, Макис «вакциналардың құрбаны» деп атағандардың қатарында Майкл Мтандазо бар, ол баласын құтқарамын деп суға кеткен; Джошуа Радж Котаро Йонеда – жұлын глиомасынан қайтыс болды және Аннабелла Изабелла Завада, ол жол апатынан көз жұмған. 
Сонымен қатар доктор Макис конспирологиялық теориялар таратушы Стю Питерс шоуының тұрақты қатысушысы ретінде белгілі.
Яғни, доктор Макистің вакцинация туралы сөзіне сенуге болмайды.
Оның COVID-19 қарсы вакциналардан қайтыс болған балалардың есімдерін таңдауы мүлдем дәлелденбеген. Олардың аты-жөні, жасы және қайтыс болған күндері некрологтар мен жерлеу туралы ақпарат ұсынылған сайттардан алынған.
Некрологтарда қайтыс болған адамның вакцинация мәртебесі туралы айтылмайды. Кейбіреулерінде өлімнің иммундаумен байланысы туралы теорияларды бірден жоққа шығаратын мәліметтер бар. Мысалы, Теодор Стефоглоның некрологына жазылған пікірлердің бірінде «ол қиналып», «өз таңдауын жасады» делінген.
Макистің тізімінде аталған 13 жастағы Дилан Чапут гидроцефалияның өршуінен қайтыс болған, ол 2022 жылы емделген болатын.
12 жасар Энрю Фааранд қатерлі ісіктен қайтыс болды. Ол өзінің ауруы туралы LinkedIn парақшасында жазған.
14 жасар Джеймс Трой Эллиот 11 жасынан бері душар болған эпилепсиядан көз жұмған. Үш жасында Джеймстен вербалды емес аутизм анықталған. Бұл туралы баланың жақындары оның некрологында жазған. 
Қорыта айтқанда, доктор Макисте 96 баланың вакциналар салдарынан қайтыс болғанына ешқандай дәлел жоқ. Ол соңғы айларда жарияланған 18 жасқа толмаған адамдардың некрологтарын жинап, оларды «вакцинация құрбандары» деп атаған. Шын мәнінде, өлімнің себептері иммундаумен байланысты емес және көпшілікке белгісіз. Демек, таралған ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button