Fake News

Фейк: «Автомобильдерді бақылауға арналған құрылғылармен жабдықтауда»

Instagram-да жақын арада Еуропалық одақ елдерінде барлық автомобильдер арнайы бақылау құрылғыларымен жабдықталады, бұл билік органдарына көлік иесі заңсыз әрекет жасаған жағдайда, көлік құралын қашықтан «тоқтатуға» мүмкіндік береді. Мұның бәрі өтірік.

 

Еуропалық одақтың кейбір елдерінде, атап айтқанда Францияда, осы жылдың 6 шілдесінен бастап барлық жаңа көліктер қара қораппен жабдықталуы керек. Бірақ олар бақылау және көлікті қашықтан тоқтату үшін пайдаланылмайды.
Motor1.com француз порталы түсіндіргендей, автомобильдердегі «қара жәшіктер» жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат жинау үшін қажет. Олар жылдамдық, үдеу немесе тежеу фазасы, қауіпсіздік белдігі, соқтығысу күші, қозғалтқыш жылдамдығы, көлік құралының апатқа дейінгі 30 секунд бұрын және соққыдан кейін 10 секундтағы көлбеуі сияқты мәліметтерді тіркейді. Ұшақтарда орнатылған «қара жәшіктерге» қарағанда, автомобиль құрылғылары көлік салонындағы әңгімелерді жазбайды.

Сондай-ақ, «қара жәшіктер» барлық көліктерде бірдей болмайды, ол осы жылдың 6 шілдесінен кейін шығарылған жаңа модельдерде ғана орнатылады. 2024 жылы барлық шығарылған автомобильдер модельдің жаңа немесе ескі болғанына қарамастан қара жәшіктермен жабдықталуы керек. Пайдаланылған машиналарға «қара жәшіктерді» орнатудың қажеті жоқ. 
«Қара жәшіктер» жазатын ақпарат жол-көлік оқиғаларының себептерін түсінуге және жолдардағы қозғалысты қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.
Жабдықты өндірушілер автокөлік жүргізушілерін бақылауды мақсат етпейді.
Сонымен қатар «қара жәшіктердің» көмегімен бақылайтыны туралы пікір қисынсыз, өйткені біріншіден, машиналардың барлық жаңа модельдерінде GPS сенсорлары бар, екіншіден, қалалар ішіндегі және одан тыс жолдар тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау камераларымен жабдықталған және қажет болған жағдайда олардың көмегімен белгілі бір автомобильдің қозғалысын бақылауға болады.
Осылайша, «қара жәшіктердің» көмегімен автокөлік жүргізушілерін жаппай бақылайтыны туралы хабарламалар фейк болып табылады. Бұл құрылғылар көлік апатының себептері мен жағдайлары туралы мәліметтерді жинау үшін қажет.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button