Fake News

Фейк: «Алматыда дәріханаларда қызуды төмендететін дәрілер сатылымнан алынуда»

What ‘ sApp мессенджерінде қызуды төмендететін дәрінің 10 қаптамасын бірден алуға үндейтін аудиохабарлама таралуда. Автордың айтуынша, адамдарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға мәжбүр ету үшін Алматы мен Алматы облысының дәріханаларынан бірқатар дәрі-дәрмекті сатылымнан алып тастау туралы «жоғарыдан бұйрық келіп түскен». Бұл жалған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, дәріханалар мен ауруханаларда бірқатар дәрі-дәрмектің, соның ішінде вирусқа қарсы және қызуды төмендететін препараттардың болуы апта сайын тексеріледі.

– Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны емдеуге қажетті препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыз ету шамамен 90%-ды құрайды. Дәріхана қоймаларында 1 миллионнан астам (1 037 мың) қажетті препарат бар. Сонымен қатар, нарықты қанықтыру үшін тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік препараттарды жеткізу жалғасуда, бүгінде ол Алматы үшін шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде Алматыға әкелуге жоспарланған 40,1 млн дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 47,2 млн (118%) әкелінді. 23,4 млн теңгенің препараттары сатылды. Құны 23,8 млн теңгелік дәрі қолда бар, оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 млн құрайды. Осылайша, қалада екі айлық беріктік қоры қалыптастырылды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Алматы қаласының және облыстық дәріханаларда медициналық маскалар мен термометрлер жеткілікті.
Сонымен қатар, ведомство бүгінгі таңда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарына жоғары сұраныс жоқ екенін атап өтті.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button