Fake News

Фейк: «Дүрбелең тудыру үшін белдемшлік теміреткіні маймыл шешегі деп айтады»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар «олар» деген біреулер дүрбелең тудыру үшін адамдарда жиі болатын белдемшелік теміреткіні маймыл шешегі деп айтатыны туралы мәлімдееген әйелдің бейнежазбасымен бөлісуде. Кадрдағы әйел «олар» тұмауды COVID-19 деп айтқан да осындай жағдай болды дейді. Мұның бәрі өтірік.

COVID-19 бен тұмау – бірдей ауру, ал ПТР сынақтары ол екеуін ажырата алмайды деген теориялар пандемия кезінде кеңінен тарады. Біз оларды бірнеше рет жоққа шығардық.
Шын мәнінде, тұмау мен COVID-19 – бұл әртүрлі вирустар тудыратын екі түрлі ауру. Сондай-ақ олардың симптомдары, жұқпалылығы және өлім-жітім деңгейі де өзгееше. 
COVID-19 анықтауға арналған ПТР сынақтары қанда аурудың қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 вирусының болуын анықтау үшін арнайы жасалған. Олар басқа вирустарға, оның ішінде тұмау вирусына әсер етпейді. ПТР-талдау көмегімен SARS-CoV-2 вирусын анықтау механизмін австралиялық вирусолог Ян Маккей өзінің Twitter-дегі парақшасында егжей-тегжейлі сипаттаған.
Демек, жай тұмау COVID-19 деп айтылғаны туралы теориялар негізсіз.
Маймыл шешегі ауруы мен белдемшелік теміреткенің арасындағы айырмашылық COVID-19 бен тұмаудың арасындағы айырмашылықтан да көп.
Белдемшелік темірткені желшешек тудыратын Varicella zoster герпес вирусы тудырады. Белдемшелік теміреткемен көбінесе қарттар, иммунитеті төмен және иммун тапшылығы бар адамдар ауырады. Оған тән белгілер – әлсіздік, бөртпелер шығатын орындардың ауырсынуы, қышуы, содан кейін дененің бір бөлігіне бөртпелер шығады, кейде бет, ауыз қуысы және құлақтың жарғағынада болады.
Маймыл шешегін ортопоксвирустар тобына жататын вирус тудырады. Оның белгілері – дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік және адамның денесі бөртіп кетеді. Ерекшелігі – лимфа түйіндерінің қатты ұлғаюы.
Қорыта айтқанда, маймыл шешегі мен белдемшелік теміретке диагнозын қою әртүрлі жүргізіледі және оларды шатастырып алу өте қиын.
Сондай-ақ таратылған видеода маймыл шешегі мен белдемшелік теміретке туралы мақалаларда бірдей иллюстрациялық фотосурет қолданылғаны айтылады, яғни бұл аурулар бірдей деуге болады. Іс жүзінде олай емес. Белдемшелік теміреткенің суреті маймыл шешегі туралы мақалада қателесіп жарияланған, кейіннен ол өшірілді. Бұл туралы PolitiFact порталының фактчекерлері хабарлаған болатын.
Демек, таратылған видеода сенімді ақпарат жоқ. Автор келтірген барлық дәлелдер – фейк және ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button