Fake News

Фейк: «Nestle Бас директоры суды элиталар басқаруы тиіс деп мәлімдеді»

Қазнетте Nestle компаниясының бас директоры ауыз су адамдарға тиесілі болмауы тиіс деп мәлімдегені туралы ақпарат тарады. Оның айтуынша, мұның орнына барлық су ресурстарын жекешелендіріп, бақылап, тек ақшаға ғана беру керек. Бұл өтірік.

Nestle компаниясының бас директоры болған Питер Брабек-Летматтың суға қол жеткізу адамның құқығы болмауы керек деп айтқан бейне сұхбаты 2005 жылы жазылған. Көп ұзамай ол Желіде кеңінен тарады. Кейіннен Брабек-Летматтың өзі де, Nestle де барлық су ресурстарын жекешелендіру және оған қол жеткізуді шектеу туралы айтпағанын мәлімдеп, түсініктемелер берді.
Компанияның мәлімдемесінде Питер Брабек-Летмат су ресурстарының шамадан тыс жұмсалуы, олардың ластануы және жойылуы жөнінде айтқаны атап өтілді. Ол адамдардың суға құқығы болмауы керек деп айтпаған. 
Оның 2005 жылы сөйлеген сөзіне қатысты берілген түсініктемелер компанияның сайтында әлі де бар. Онда Nestle-нің бұрынғы бас директоры әлемдегі су қоры біркелкі бөлінбеген, кейбір елдерде өмірге қажетті ылғалға қол жеткізуде ешқандай проблемалар болмаса, басқаларында адамдар құрғақшылық пен сусызданудан өліп жатыр деген контекстте «суға қол жеткізу ақылы болуы керек» деп айтпағаны жазылған.
Суды ақылы ету – Брабек-Летмат жағдайды түзету үшін ұсынған шешімдердің бірі. 
Осыдан кейін де ол әлемдегі сумен жабдықтау проблемалары туралы көпшілік алдында бірнеше рет сөз сөйледі. Бірде-бір сөзінде ол суға қол жеткізу құқығын жою туралы айтпаған.
Адамдардың ауыз суға қол жеткізу құқығы БҰҰ-ның 64/292 қарарында және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитеттің №15 жалпы тәртіптегі ескертуінде бекітілген. Бұл құжаттарда «адамның суға құқығы лайықты өмір сүру үшін қажет. Бұл адамның басқа құқықтарын жүзеге асырудың алғышарты» деп жазылған. Сондай-ақ, №15 ескертуде су құқығы – бұл әр адамның жеке және тұрмыстық қажеттіліктері үшін қауіпсіз, қолайлы, физикалық қол жетімді судың жеткілікті мөлшеріне құқығы делінген.
Осылайша, ірі компаниялар барлық су ресурстарын жекешелендіруге және адамдардан оларға қол жеткізу құқығын тартып алуға ниетті екендігі туралы Желіде тараған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button