Fake News

Фейк: «Coca-Cola банкасында химтрейл бейнеленген»

Telegram-да Coca-Cola газдалған сусынының банкасында химтрейл – химиялық заттардан ақ шлейф қалған ұшақ бейнеленген деген қастандық теориясы таралуда. Бұл олай емес.

Химтрейлдер – бұл ұшақтар ұшқан кезде улы химиялық газдар шашатыны туралы қастандық теориясының бір бөлігі. Бұл теорияның «дәлелі» ауадағы конденсациялық іздер болып табылады. Бұл тұжырымдардың дәлелі жоқ және олар бірнеше рет теріске шығарылды:

Фейк: «Улы газ шығарындыларын бұлтпен жасырады»

Манипуляция: «ФТР басшысы химтрейлдердің бар екенін растады»

Ұшқан ұшақтың артында қалатын көзге көрінеетін шлейф – бұл су тамшыларынан немесе мұз кристалдарынан тұратын инверсиялық із
Coca-Cola-ның ұшақ бейнеленген банкасы бар. Бұл құты «Жазды сезін» жарнамалық науқаны аясында жасалды. Акция 2019 жылы жазда Испанияда өткізілген. Сыйлықтардың бірі – сапарға жолдама болды, ал бұл ұшақпен ұшумен ассоциацияланады. Бұл жерде ешқандай конспирология жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button