Жаңалықтар

«Беларусь полигонында өтетін оқу-жаттығуға Қазақстаннан бақылаушылар қатысады»: ҚР Қорғаныс министрлігінің түсініктемесі

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның Беларусьтегі әскери оқу-жаттығуларға қатысатыны талқылануда. Пайдаланушылардың айтуынша, іс-шара «наразылықтарға» қарамастан өткізіледі. ҚР Қорғаныс министрлігі өзінің түсініктемесінде шамамен екі жыл бұрын жоспарланғандықтан «бұл оқу-жаттығудың Беларусьтегі ішкі саяси жағдайға қатысы жоқ» екендігін атап өтті.

 

View this post on Instagram

Наша страна примет участие в военных учениях в Беларуси, которые собираются организовать на фоне продолжительных акций протеста против действующего президента Александра Лукашенко. ⠀ В Беларусь приедут солдаты из России, Армении, Кыргызстана и Таджикистана. Все страны – участники учений являются членами Организации договора о коллективной безопасности. ⠀ Маневры пройдут с 12 по 16 октября на полигоне Лосвида в Витебской области. Военные отработают подготовку и ведение миротворческой операции. ⠀ Напомним, что протесты в Беларуси длятся с 9 августа. Участники демонстраций считают, что результаты голосования на выборах президента сфальсифицированы и требуют Лукашенко уйти в отставку.

A post shared by Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz) on

«Мызғымас бауырластық – 2020» командалық-штабтық оқу-жаттығуы 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл шара 12-16 қазан аралығында Беларусь мемлекетенде Лосвидо полигонында өтеді.

«2020 жылы оқу-жаттығуды Беларусь Республикасының аумағында өткізу ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің 2018 жылғы 8 қарашадағы шешімімен бекітілген ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын 2025 жылға дейінгі кезеңге бірлескен даярлау іс-шараларының тізбесінде қарастырылған», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі майор Ғани Нүсіпов Tengrinews-тің жолдаған сауалына.

Оның айтуынша, Қазақстаннан оқу-жаттығуға бақылаушы ретінде бірнеше адам қатысады. Олар бітімгершілік операцияларды ұйымдастыру тәжірибесі мен ерекшеліктерін зерттейтін жедел топтың құрамына кіреді.

«Бұл жаттығудың Беларусбтегі ішкі саяси жағдайға қатысы жоқ», – деп түсіндірді Ғани Нүсіпов.

ҰҚШҰ – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы. Ұйымға қатысушы елдер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Бұған дейінгі «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығуы 2019 жылы Тәжікстанда өткен болатын.

***

Бүгін, 16 қыркүйекте, ҚР Қорғаныс министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесінің басқару органдары мен кезекші күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру аяқталғанын хабарлады.

«Жаттығу шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын тараптардың бұзушы әуе кемелері бойынша кезекші күштерді қолдану, достастық мемлекеттерінің әуе кеңістігін пайдалану мәселелері пысықталды», – деп мәлімдеді әскери ведомстводағылар. 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button