Фейк: «Көшедегі шамдарға егілмеген адамдарды танып-білетін арнайы құралдар орнатылуда»
Қазнет қолданушылары Германияда түсірілген роликті таратуда. Оның авторы көшедегі шамға бекітілген ақ құрылғыны көрсетіп, оның көмегімен билік жалған вакцинация паспорты бар адамдарды анықтайтынын айтады. Бұл өтірік.
COVID-19 қарсы вакцина алған адамды егілммеген адамнан сырттай ажырату мүмкін емес. Вакциналардың құрамына әртүрлі құрылғылардың анықтауына мүмкіндік беретін қандай да бір сигналдар шығаратын немесе оларды қабылдай алатын компоненттер кірмейді. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылған COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамдарымен танысып, көз жеткізуге болады.
Видеода көрсетілген көшедегі шамға бекітілген құрылғы вакцинацияланған адамдарды егілмегендерден ажыратуға арналмаған. Германияда көше шамдарына қозғалыс және жарық датчиктері, 4G және 5G желілеріне арналған антенналар және басқа да құрылғылар орнатылады.
Роликте көрсетілген шам бағанасында дәл осындай құрылғылар орнатылған және оның COVID-19 пандемиясына, сондай-ақ дертке қарсы вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ деуге болады.
Конспирологияны жақтаушылар әр түрлі сканерлер мен детекторлар вакцинацияланған адамдарды анықтай алады деген теорияларды бұған дейін де алға тартқан. Олар әуежайлардағы металл детекторлары және дене температурасын өлшейтін сканерлер қандағы вакцинаны анықтай алады деп жазған.
Фейк: «СOVID-19 қарсы вакциналарда адамдарды бақылауға мүмкіндік беретін ауыр металдар бар»
Көшедегі шамдар бұған дейін де қастандық теориясының объектісі болған. Желі қолданушылары бұл жаппай қырып-жою қаруы деп айтқан. Бұл олай емес, ол туралы мына жерден оқуға болады.