Жалған: «Коронавирусқа қарсы вакциналар аурудан гөрі қауіпті»
Instagram-да пайдаланушылар COVID-19 қарсы вакциналардың вирусқа қарағанда қауіпті делінген постты талқылауда. Бұған дәлел ретінде ол 2021 жылы Lancet медициналық журналында шыққан ревакцинациядан бас тартуға шақыратын мақаланы ұсынады. Бұл өтірік.
Британдық Lancet журналы медицина саласындағы беделді басылым. Онда медицина және биология салаларындағы соңғы зерттеулер мен шолулар жарияланады. Сондай-ақ бірнеше мамандандырылған журнал жарық көреді. Олардың бірі – The Lancet Infectious Diseases. Ол тек жұқпалы аурулар туралы ғана жазады.
Lancet-те COVID-19 қарсы ревакцинация туралы мақалалар топтамасында ғалымдар вакцинациялауды қайта енгізу туралы теріс пікір білдірген бірде-біреуі жоқ.
Фейк жарияланымда журналдағы мақала авторларының бірі Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы (FDA) екені айтылған. Америкалық ведомствоның сайтында «COVID-19 вакцинациясы» бөлімі бар. Онда рұқсат етілген вакциналар туралы барлық ақпарат орналастырылған, ол үнемі жаңартылып отырады.
2021 жылғы 21 қыркүйекте FDA коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer-BioNTech бустерлік дозасын қолдануға рұқсат берді. Бірақ қайта егу бастапқы және халықтың белгілі бір тобына 6 айдан кейін ғана жасалуға тиіс еді. Pfizer-BioNTech-мен ревакцинациялау мақұлданғанға дейін басқарма отырыс өткізіп, тәуелсіз сарапшылар мен денсаулық сақтау саласы өкілдерінің пікірлерін тыңдады.
Вакцинацияға қарсы адамдар коронавирусқа қарсы егу аурудан да қауіпті деп бірнеше рет айтқан болатын. Олардың дәлелдерін әртүрлі елдердің фактчекерлері жоққа шығарды. 2021 жылдың шілде айында Reuters агенттігі британдық тұрғын таратқан фейкті тексерді. Ол да екпелер қауіпті деп мәлімдеген. Ғылыми қауымдастықтар мен ауруханаларға хабарласқаннан кейін журналистер вакциналар ауруханаға жатқызу және өлім қаупін күрт төмендететініне көз жеткізді. Егу 100% инфекцияның алдын алмаса да, оны алғандар мен ауру жұқтырған адамдар COVID-19-ды оңай көтереді.
Денсаулық сақтау қызметкерлері вакциналардың қауіпсіздігін үнемі қадағалап отырады. Иммундаудың пайдасы кез келген қауіптен артық. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина аурудың өзінен гөрі қауіпті екенін растайтын бірде-бір ғылыми зерттеу жоқ.