Fake News

Фейк: «Ірі орман өрттері үлкен лазерден туындаған»

Танымал Telegram чаттарында әлемдегі ірі орман өрттерінің себебіне қатысты ерекше теория айтылуда. Ормандарды үлкен лазермен әдейі өртеледі екен, бірақ оны кім істейтіні белгісіз. Мұның бәрі фейк.

Планетаның ең әдемі ормандарындағы өрттер үлкен лазерден шығады деген хабарламалармен бірге шығу тегі белгісіз сәулелердің суреттері де таралуда. 2020 жылы Калифорниядағы болған өрт кезінде Желінің ағылшын тілді сегментінде лазерлер туралы осы теория мен суреттер кеңінен тараған болатын.
Сол кездің өзінде америкалық фактчекерлер суретті таратқандарды анықтап, орманды әдейі өртейтін лазер жоқ екенін дәлелдеді.
Сол жақта орналасқан сурет 2018 жылғы 23 мамырда Falcon 9 зымыранын ұшыру кезінде түсірілген. Бұл үлкен лазердің сәулесі емес, әуеге көтерілген зымыранның ізі.
Ортада жоғарыда тұрған сурет 2018 жылғы 18 қаңтарда британдық Express порталында Мичигандағы метеорологиялық жаңбыр туралы жаңалықтың суреті ретінде жарияланды. Суретте – жерге құлаған метеориттің ізі.
Метеориттік жаңбырдың астындағы фотосурет 2018 жылы Кламат ұлттық паркіндегі өрт кезінде түсірілген. Ол кезде Парк өкілдері суреттегі сәуле үлкен лазердің болуының дәлелі емес, объективтегі линзадағы күн сәулесінің көрінісі деп түсіндірген.
Оң жақтағы суретте хабарламада айтылғандай Калифорнияда 2020 жылы емес, 2018 жылы болған өрт көрсетілген. Фактчекерлер фотосуретті кімнің таратқанын анықтай алмаса да, онда жұмбақ лазердің әсері түсірілген деп айтуға негіз жоқ.
Шын мәнінде, ауқымды орман өрттері лазерлерден немесе басқа құпия және ультра технологиялық құрылғылардан емес, жаһандық жылынудан және отты дұрыс пайдаланбаудан туындайды. 
Осылайша, таратылған фотосуреттер фейк болып табылады, ал белгісіз біреу ормандарды үлкен лазермен қасақана өртейді деген теория конспирологиялық және дәлелсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button