Жаңалықтар

Фейк: «Moderna компаниясының өкілі SARS-CoV-2 вирусының үлгісі компьютерде жасалды деп мәлімдеді»

Қазнет пайдаланушылары Moderna компаниясы өкілінің Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзін талқылауда. Ол SARS-CoV-2 вирусы ешқашан болған емес, ал вакциналар әзірлеу үшін оның үлгісін компьютерде жасаған деп мәлімдеді. Бұл өтірік және манипуляция.

COVID-19 қоздырғышы SARS-CoV-2 вирусы компьютерде модельденгені туралы таралған жарияланымға Moderna компаниясының өкілі болып табылатын ер адамның бұл тезисті растаған видеосы тіркелген. Іс жүзінде кадрларда Illumina компаниясының бас директоры Фрэнсис де Соуза көрсетілген.
Ол өз сөзінде COVID-19 пандемиясы басталғалы геномдық реттіліктің маңыздылығы мен бағаның өсуі туралы айтты. Патогендер геномдарын ашудың неліктен маңызды екенін және оны қалай қолдануға болатындығын түсіндіру үшін ол Moderna компаниясын мысал ретінде келтірді. Оның өзі онда жұмыс істемейді.
Де Соуза жаңа Sars-CoV-2 вирусы туралы хабарлама алғаш рет ДДҰ-ға 2019 жылғы 31 желтоқсанында жіберілгенін айтты. 10 күннен кейін қытай ғалымдары патогеннің геномын анықтады, ол баршаға қол жетімді. Айта кетейік, ол кезде аурудың барлық жағдайлары тек Қытайда ғана тіркелген болатын. Елден тыс жерде вирус 2020 жылғы 13 қаңтарда ғана тіркелді. Індет Таиландта анықталды.
Illumina бас директорының айтуынша, Moderna компаниясы вирустың тірі үлгісін емес, қытайлық ғалымдар ашқан оның геномын қолданған. Бұл ақпарат ашық деректермен расталады. Moderna-ның негізін тең қалаушы Нубар Афеян өткен жылдың маусым айында COVID-19 қарсы вакцинаның алғашқы үлгісін жасау кезінде АҚШ-та тірі вирус болмағанын, сондықтан ғалымдар оның геномы туралы мәліметтерді қолдануға мәжбүр болғанын хабарлады. 
Moderna вакцинасы – бұл мРНК вакцинасы. Яғни, он тірі де, белсенді емес те вирус пайдаланылмайды. Оның орнына ғалымдар патогеннің мРНҚ ғана қолданады.
Moderna-ның бас атқарушы директоры Стефан Бансель түсіндіргендей, мРНҚ-ны вирустың өзі болмаса да синтездеуге болады.
«МРНҚ әрқашан төрт бірдей әріптен тұрады. МРНҚ – бұл ДНҚ-ға ұқсас генетикалық материал, сондықтан оның «коды» әріптермен көрсетіледі. Бұл «бағдарламалық қамтудағы нөлдер менбірліктер сияқты. Бұл бағдарламалық жасақтама немесе LEGO секілді. мРНҚ вакциналарының жалғыз айырмашылығы – әріптер реті. Өндіріс процесі де, жабдығы да, операторлары да бірдей. Бәрі бірдей. Сондықтан біз тез әрекет ете алдық».
мРНҚ синтездеу технологиялары ғылыми журналдарда егжей-тегжейлі сипатталған және құпия емес. Бұл патогеннің өзі болмаған кезде мРНҚ синтезі қажет деген теорияны дәлелдемейді.
Сонымен қатар Moderna вакцинасында вирустың синтезделген мРНҚ-ы қолданылғаны ешқашан құпия болаған. Бұл туралы вакциналар халыққа қол жетімді болғаннан кейін бірден бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланды. 
Sars-CoV-2 вирусының бар екендігіне күмән жоқ. Бұл зертханалық түрде расталды. Патогеннің толық ашылған геномы Желіде қол жетімді.

Бүгінгі таңда әлемде әртүрлі елдердегі арнайы зертханаларда сақталып жатқан SARS-CoV-2 вирусының үлгілері жеткілікті. АҚШ-та вирус үлгілері ауруларды бақылау және алдын алу орталығында сақталады, бұл туралы мекеменің ресми сайтында жазылған. 
Қорыта айтқанда, SARS-CoV-2 вирусы жоқ, вакциналарды жасаушылар оның үлгісін компьютерде жасаған дееген ақпарат фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button