Денсаулық сақтау министрлігінде қазақстандықтардың медициналық мәліметтерінің сыртқа жайылып кетуін жоққа шығарды
Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік ақпараттық жүйесінің барлық жүйелері штаттық режимде жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау министрлігінде Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КТТА) қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтерінің сыртқа жария болып кетуі туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Жалған ақпараттың таралуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ҰҚК-ге жүгінеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін КТТА жариялаған жаңалық жалған болып шықты. Біріншіден, жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры Денсаулық сақтау Министрлігінің емес, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі болып табылады. Компания 1430 туралы айтар болсақ, бізде мұндай водомствоға қарасты компания жоқ. Бұл денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ жеке компания.
Екіншіден, қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік ақпараттық жүйесінің барлық жүйелері штаттық режимде жұмыс істейді. Бірде-бір ақпараттың сыртқа шығып кетуі тіркелген жоқ. Ай сайын біздің жүйемізге 200-ден астам шабуыл жасалатынын және біздің команда осы шабуылдарды сәтті тойтарып жатқанын атап өткім келеді. Сондай-ақ, олар біз аудио жолдамалар жүргіземіз дейді, бірақ бізде мұндай функциялар, мұндай сервис жоқ. КТТА мәлімдемесі негізсіз және тексерілмеген ақпарат болып табылады, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ендігі кезекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне КТТА жалған ақпарат тарататыны туралы сұраулар жібермек.
Бұған дейін КТТА мамандары Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық деректердің ауқымды түрде сыртқа шығып кетуі орын алғандығын мәлімдеген болатын. Олар желіде қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтеріне, телефон сөйлесулерінің 24 мыңнан астам аудиожазбаларына қолжетімділік бар екенін атап өтті. Олар ақпараттың сыртқа таралып кету себебін жаңа денсаулық Кодексімен байланыстырды.
Бірден атап өтеміз, дербес және медициналық деректердің сыртқа тарап кеткені үшін ешкім де жауапкершілікке тартылмайды. Оның себебі қарапайым: Денсаулық туралы жаңа Кодекс қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің мәліметтері жеке мәліметтерді жалпы реттеуге түспейтіндей етіп жасалған, – делінген Telegram-дағы КТТА хабарламасында.