Құс тұмауы: 25 қыркүйектегі жағдай
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, құстар өлімі еліміздің 7 облысында тіркелген.
• Ақмола облысында жеке үйлерде 1016 бас құс (313 – соңғы тәулікте)
• Жамбыл облысында жеке үйлерде – 251 бас құс (13)
• Қарағанды облысында жеке үйлерде – 123 бас құс (21)
• Қостанай облысында жеке үйлерде – 2 272 құс және құс фабрикаларында 162 839 бас құс (302 және 51 000 сәйкесінше)
• Павлодар облысында жеке үйлерде – 2 898 бас құс (145)
• Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйлерде – 14 221 және құс фабрикаларында – 130 722 бас құс (415 және 36 923 сәйкесінше)
• Түркістан облысында жеке үйлерде – 275 бас құс (соңғы тәулікте 2)
Жалпы, жеке үйлерде 21 мың бас құс және екі құс фабрикасында («Бескөл құс фабрикасы» ЖШС — 130 772 бас құс, «Агроинтерптица» — 160 567 бас құс) 291 мың бас құс қырылды.
Құс тұмауына қарсы вакцинамен қамтамасыз ету
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша 2020 жылға бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакцинаның 3 377 900 дозасы бөлінді.
Құс тұмауының өршуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина (СҚО – 873 мың доза, Қостанай облысына – 21 мың, Павлодар облысына – 465 мың доза) бөлінді.
2020 жылы құс тұмауына қарсы
3 377 900 доза вакцина бөлінді
Сондай-ақ, 2020 жылғы 22-23 қыркүйекте өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина дозасы берілді:
Ақмола облысына – 510 300
Қостанай облысына – 345 218
Қарағанды облысына – 100 000
Жамбыл облысына – 60 000
2020 жылғы 1 қазанға дейін қосымша 699 355 доза вакцина сатып алынады