Fake News

Фейк: «Бейтаныс ұшатын нысанмен байланысты құпия тәжірибелер камераға түсіп қалған»

Қазақстандықтар адамдар арасында жүрген алып, тірі сияқты тираннозаврдың бейнеролигімен бөлісуде. Онда бұл – НЛО-мен байланысты «Көк сәуле» құпия жобасының нәтижелері деп жазылған. Бұл конспирология.


Бұл видеоның НЛО-ға да, құпия әзірлемелерге де қатысы жоқ. Онда көрсетілгеен тираннозавр – «ON-ART» жапон компаниясының өнімі. Компания гипер-шынайы механикаландырылған динозаврлар жасаумен айналысады, кейіннен олар көрмелерде, түрлі презентацияларда, тақырыптық парктерде және іс-шараларда көрсетіледі. 2019 жылы компания 21 динозавр шығарған. Тираннозавр – солардың бірі.
Желіден осы компания шығарған басқа динозаврлардың көрсетілімін тауып, көруге болады.


Қазнет пайдаланушылары жазған «Көгілдір сәуле» жобасы іс жүзінде жоқ. Бұл конспирологтардың қиялының жемісі. Олардың теориясы бойынша, «Көк сәуле» жобасының аясында әлемде арнайы проекторлар орнатылады, олар бір сәтте қосылып, аспанда Құтқарушының шынайы бейнесі пайда болады, ал адамдардың басында ақыл мен ерік-жігерді басатын дауыстар естіледі. Бұл теорияның дәлелі де, ауқымды жобаны жүзеге асыру туралы көптеген ақылға қонымды сұрақтарға жауаптар да жоқ. (https://stopfake.kz/ru/archives/3274)
Бұған дейін біз қазақстандықтар ерекше табиғи құбылыстарды немесе ауқымды іс-шаралардағы голограммаларды «Көгілдір сәуле» жобасының нәтижесі деп ойлап қалған жағдайлар туралы жазған болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button