Манипуляция: «Маймыл шешегі туралы жаңалықтарда жаңа емес, өткен жылдардағы фотосуреттер ғана қолданылады»
Қазақстандықтар маймыл шешегі туралы әр жылдары шыққан жаңалықтардағы иллюстрациялар салыстырылылған бейнероликпен бөлісуде. Роликке өткен жылдары жаңалықтар ленталарында қолданылған төрт сурет кірген. Пост авторы қазір әлемде аурудың жаңа жағдайлары тіркеліп жатқанда неліктен ескі суреттер қолданылуда деп сұрайды. Бұл ретте күдікті ештеңе жоқ. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
Әуелі маймыл шешегі туралы жаңалықтарға арналған суреттерді таңдау туралы ақпарат Желінің ағылшын тілді сегментінде кеңінен тарады. АҚШ қолданушылары жаңалықтар порталдары ескі суреттерді қолданылса, бұл қазір ауру ошағының жоқтығының белгісі деп жазды, өйткені журналистер ауруханаларға барып, жаңа фотосуреттер түсіретін еді.
Алайда, бұл олай емес. Иллюстрациялық фотосуреттерді пайдалану БАҚ үшін қалыпты жағдай. Бұл уақытты үнемдеп, порталдарға жаңалықтарды тез шығаруға мүмкіндік береді. Иллюстрациялық фотосуреттерді пайдалануға көп жағдайларда рұқсат етіледі, мысалы, өте шұғыл жаңалықты жариялау қажет болғанда немесе жаңалықтың негізгі мағынасы мәтінде болып, фотосурет маңызды емес болғанда.
Видеода көрсетілген төрт суреттің барлығын Желіден оңай табуға болады. Мысалы, алақан мен саусақтағы жараның суреттері, сондай-ақ денесі бөртіп кеткен баланың суреттері GettyInages қызметінде қол жетімді.
Білектегі және кеудедегі бөртпелердің суреттері AP Images порталында жарияланған.
Маймыл шешегі адамзатқа 1958 жылдан бері белгілі. Демек, онымен ауырған адамдардың суреттерінің болуында күдікті ештеңе жоқ.
Осылайша, Қазнетте таралған фотосуреттер топтамасы манипуляция болып табылады және маймыл шешегінің таралуының жалған екенін дәлелдемейді.