Уақыт тез өтіп жатыр – рас па, әлде миф пе?
![](https://stopfake.kz/wp-content/uploads/2025/01/zhyldam-ba-eken-uak-yt-bayau-ma-eken_1694224404.jpg)
Әлеуметтік желілерде уақыт тез өте бастағаны туралы хабарламалар таралуда. Уақыт деформациясы теориясын жақтаушылардың пайымдауынша, бұл үлкен адрон коллайдерін (ҮАК) іске қосумен байланысты. Түсіндіріп өтейік.
ҮАК құралы – дүниедегі ең қуатты бөлшектер үдеткіші. Ол протондар мен ауыр иондарды (мысалы, қорғасын иондары) жылдамдатады және осы бөлшектер соқтығысқанда не болатынын зерттейді. Соқтығысулар нәтижесінде басқа әдістермен көрінбейтін жаңа бөлшектер туындайды. Ғалымдар жаңа бөлшектердің «іздерін» зерттей отырып, әлемнің кванттық деңгейде қалай жұмыс істейтіні туралы теорияларды сынайды. ҮАК алғаш рет 2008 жылы іске қосылған. 2022 жылдың қарашасынан бастап осы күнге дейін үлкен адрон коллайдері тоқтап тұр, қазір ол техникалық үзілісте.
Үлкен адрон коллайдері туралы қауесеттер адамдар өздерін планетадағы ең қуатты жан деп санап, оны жоя аламыз деп ойлайтындықтан таралады. Бірақ бұл олай емес.
Барлық үдеткіштер, соның ішінде ҮАК ұдайы Жерге түсетін ғарыштық сәулеленуден мыңдаған, тіпті миллиондаған есе аз оқиғалар жасайды. Ғалымдардың айтуынша, коллайдерлерде болып жатқан оқиғалар атмосферада және Жер бетінде және әлдеқайда жоғары жиілікте бұрыннан бар.
Бүгінгі күн 86,400 секунд немесе 24 сағат ретінде анықталады – бұл планетаның толық айналуы үшін қажет уақыт. Алайда, Жер әрдайым бірдей айнала бермейді. Бұрын оның айналуы бірте-бірте баяулап, әр ғасыр сайын күн шамамен 1,8 миллисекундқа ұзаратын. Яғни, 600 миллион жыл бұрын бір күн небәрі 21 сағатты құраған.
Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары Жердің айналуы жеделдеді деп хабарлауда. Мұның себебі әлі белгісіз. Кейбір ғалымдар бұл айдың гравитациялық әсеріне, мұздықтардың еруіне немесе солтүстік жарты шардың су қоймаларында судың жиналуына байланысты деп пайымдап отыр.
1967 жылдан бастап ғалымдар Дүниежүзілік үйлестірілген уақытпен (UTC) синхрондалған атом сағаттарын қолдана бастады. Олар қосымша секундтарды қосу арқылы уақытты мезгіл-мезгіл реттеп отырды. Мұндай соңғы түзету 2016 жылы болды. Бұрын атом сағаттары планетарлық уақыттан сәл алда болатын, ал қазір олардың көрсеткіштері бірдей. 2026 жылға қарай айырмашылық үлкен болып, ғалымдар тәуліктің ұзақтығын бір секундқа қысқартуға мәжбүр болуы ықтимал.
Сонымен қатар, уақытты қабылдау адамның жасына байланысты мидағы өзгерістермен тікелей байланысты. Бұған психологиялық, физиологиялық және анатомиялық факторлар әсер етеді.
Ғылыми дәлелденген: адам неғұрлым ересек болса, ақпаратты өңдеуге соғұрлым көп уақыт кетеді. Бірақ бұрын тапсырмаларды орындауға аз уақыт қажет екенін ескерсек, «ішкі сағат» нақты уақыттан артта қала бастайды.
Уақыттығ тез өтуі – миф. ҮАК сияқты технологиялар уақыттың ұзақтығына әсер ете алмайды. Уақыт тез өтіп жатыр деген пікірлер оны қабылдаудағы өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Адамның жасы ұлғайған сайын мида ақпаратты өңдеу баяулайды. Жер жылдам айнала бастаса да, болашақта күннің ұзақтығы бір секундқа ғана азаяды.