Fake News

Денсаулық сақтау министрлігі улы маскалар туралы пікірді теріске шығарды

Қазнетте бір топ адам медициналық масканы өртемек болған видео таратылуда. Бірақ жеке қорғаныс құралы жанбай, ериді. Осыдан ролик авторлары маскалар улы деген қорытынды жасайды. Бұл дұрыс емес.

Скриншот

Медициналық маскалардың уыттылығы туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

– Біріншіден, бұл видео Қазақстанда емес, Ресейде түсірілген және біздің елге қатысы жоқ. Екіншіден, бізде сатылатын маскалардың сапасы санитарлық талаптарға сәйкес келеді және сапасы жоғары, – деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, медициналық масканың жанбай, ерігені таңқаларлық және әдеттен тыс жайт емес. Жеке қорғаныс құралдары арнайы материал – спанбондтан жасалады. Бұл синтетикалық тоқыма емес материал, ол берік, жоғары және төмен температураға төзімділігі, су өткізбейді, сондай-ақ инфекциялардан қорғауға қажетті басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді.

Спанбонд улы емес және қауіпсіз. Ол синтетикалық материал болғандықтан, жанған кезде ериді, бірақ зиянды қосылыстар шығармайды.

Пластик медициналық маскалар өндірісінде қолданылмайды.

Қорыта айтқанда, видео маскалардың уыттылығын дәлелдемейді, ал авторлардың тұжырымдары дұрыс емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button