Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды»
Қазнетте SinoVac шығарған CoronaVac вакцинасы SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон нұсқасына қарсы қорғанысты қамтамасыз етпейді деген қорытынды шығарылған жақында жүргізілген зерттеу туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпаратта манипуляция белгілері бар. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
Алдымен SinoVac өндірген CoronaVac вакцинасы ДДСҰ-мен мақұлдағанын және әлемнің 52 елінде, соның ішінде Қазақстанда да пайдаланылатынын атап өткеніміз жөн. Екпе Қытай, Чили, Филиппин, Түркия және Таиландта 29 клиникалық сынақтан өтті. Оның бесеуі бірінші кезең, 12 – екінші, 12 – үшінші кезең аясында өткізілді.
CoronaVac – тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген инактивтендірілген вакцина. Препараттың құрамы, оның толық сипаттамасы және жанама әсерлері туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми порталынан табуға болады.
Қазнет пайдаланушылары жазып отырған зерттеу бұл препараттың пайдасыз екендігінің белгісі емес. Біріншіден, бүгінгі күні ол рецензиядан өтпегенін атап өткеніміз жөн, бұл туралы еңбек мәтіні жарияланған Nature Medicine сайты хабарлады.
Екіншіден, зерттеудің өзі CoronaVac препаратының екі дозасымен егілген адамдар салдырған Pfizer/BioNTech вакцинасының бустерлік дозасының тиімділігін анықтауға арналған.
Онда бустерлік доза омикрон нұсқасынан қорғаныс деңгейін едәуір арттыратыны, сондай-ақ «CoronaVac вакцинасының екі дозасын алған қатысушыларда Омикронды бейтараптандыру анықталмағаны» айтылған.
Алайда, бұл CoronaVac патогеннің осы нұсқасына қарсы мүлдем пайдасыз дегеннің белгісі емес. XinhuaNet қытай басылымының хабарлауынша, ДДСҰ сарапшылары бұл препарат аурудың ауыр ағымын және омикрон нұсқасын жұқтырған кезде ауруханаға жатқызуды болдырмауға қабілетті деп мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі менеджері Абди Махамудтың CoronaVac вакцинасы омикрон нұсқасын жұқтырған жағдайда аурудың ауыр ағымының алдын алады деген сөздерін South China Morning Post басылымы да келтірді.
Қорыта айтқанда, CoronaVac вакцинасының омикрон нұсқасынан қорғау деңгейі төмен болғанымен, індетке шалдыққан адамдарды ауруханаға жатқызудан және өлімнен сақтай алады. Сонымен қатар, бұл вакцинаның SARS-CoV-2 коронавирусының барлық басқа мутацияларынан қорғауда тиімділігін жоғары, бұл клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады.