Фейк: «Билл Гейтс 1997 жылы халықты бақылаудың жолдарын іздегенін мойындады»
Қазнетте George журналының 1997 жылдың ақпан айындағы санынан алынған үзінділердің фотосуреті тарады. Онда Билл Гейтс сұхбат беріп, халықты бақылаудың жолдарын іздеп жатқанын айтқан екен. Оның жоспары бойынша 2020 жылға қарай адамзат өкпенің зақымдайтын вирустан қырылады. Бұл өтірік және манипуляция.
Қазнетте үзінділері тараған George журналы 2001 жылдан бері шығарылмайды. Алайда, Желіде басылымның жиып түптелген түрі бар. Бізге қажетті 1997 жылғы ақпан айындағы санын да онлайн режимінде оқуға болады.
Онда Билл Гейтстің өте үлкен сұхбаты жарияланғаны рас, бірақ ол Жер халқының тым көп болуы немесе өкпеге әсер ететін вирус туралы ештеңе айтпайды.
Бұл туралы «Болашақта өмір сүру жөніндегі нұсқаулық» деп аталатын журналдың осы санындағы басқа мақалада келтірілген. Онда бірнеше адам 2020 жылы өмір қандай болатындығы туралы өз ойларымен және қиялдарын бөліседі. Мақаланың негізгі бөлігін ақын және жазушы Арно Карлен жазған.
Билл Гейтстің журналда жарияланған сұхбатында халықты бақылау туралы дәйексөзі бар. Snopes порталының фактчекерлері түсіндіріп өткендей, бұл адамдарға не істеу керектігін, қашан және қалай жасау керектігін айтуға тырысудың белгісі емес. Шын мәнінде, «халықты басқару» термині 70-80-ші жылдары кеңінен қолданылды және қазіргі «отбасын жоспарлау» терминіне ұқсас болды, яғни бала тууға саналы және байсалды көзқарас.
Яғни, халықты бақылау туралы айта келе, Гейтс қызметі адамдардың репродуктивті денсаулығына қамқорлық жасауға бағытталған ұйымдармен жүргізілетін қайырымдылық жұмыстарды меңзеген. Snopes материалында да Гейтстің өз ұстанымын егжей-тегжейлі түсіндіріп өткен дәйексөзі келтірілген: «Әр қоғамда өлім статистикасы төмендеген кезде, әсіресе 1000 адамға шаққанда 10 өлім-жітімге дейін төмендеген кезде, содан кейін туу көрсеткіші де төмендейді, ал халықтың өсуі тұрақтанады. Ата-аналардың көбі үлкен отбасы болғысы келмегендіктен сегіз бала тумайды емес, олар кейбір балалардың қайтыс болатынын біледі». Билл Гейтстің бұрынғы әйелі Мелинданың да көзқарасы осындай: «Егер аналар мен әкелер балаларының ересек жасқа дейін өмір сүретінін түсінсе, онда олар табиғи түрде тууды азайтады».
Қорыта айтқанда, 1997 жылы Билл Гейтс халықты бақылау жолдарын іздегенін мойындады, ал 2020 жылы адамзат өкпеге зақым келтіретін аурудан қырылады деген ақпарат – фейк және манипуляция.
Бұл тұрғыда «халықты бақылау» сөзі отбасын жоспарлауды және халық санын тұрақтандыруды білдірді, сондай-ақ Гейтс ауру туралы мәлімдеме жасаған жоқ.