Fake News

Фейк: «ДДСҰ қауіпті жасанды түсік жасатуды қолдайды, өйткені Қытайда эмбрион өсіру инкубаторы ойлап табылды»

Қазақстандықтар Telegram-дағы танымал чаттардың бірінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бұдан былай қауіпті жасанды түсік жасатуды ресми түрде қолдайды деп жазды. Себебі Қытайда эмбриондарды өсіруге арналған инкубаторлар жасалды және енді әлем табиғи туылған балаларға мұқтаж емес. Бұл фейк.

ДДСҰ жасанды түсік жасатуға қатысты жаңа ұсынымдарды осы жылдың 9 наурызында шығарды. Бұл ұсынымдтар әлемде жыл сайын жасалатын 25 миллион қауіпті жасанды түсік жасатуды болдырмау үшін әзірленіп, жарияланды. Тиісінше, ДДСҰ ұсынымдарында жүктілікті тоқтатудың мұндай жолын көтермелеу туралы ештеңе жазылмаған. 

Құжатта қажетсіз немесе күрделі жүктілікті тоқтату мүмкіндігі денсаулық сақтау және адам құқықтары мәселесі екендігі деп қана айтылған. ДДСҰ жүктілікті тоқтатуға мүмкіндік беретін заңдары жоқ елдерді оларды қабылдауға және әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен және барлық медициналық хаттамаларға сәйкес жасанды түсік жасатуға мүмкіндік беруге шақырады.

Ұсынымдарда әйел құрсағын алмастыратын технологиялар туралы сөз жоқ. Осы жылдың қаңтар айында бұқаралық ақпарат құралдары Қытайда мерзімінен бұрын туылған нәрестелерді күтуге көмектесетін жасанды интеллект негізінде робот құрастырылғаны туралы хабарлаған болатын.

Теориялық тұрғыдан алғанда, технологияны балаларды адам денесінен тыс «өсіру» үшін де қолдануға болады, бірақ бүгінгі күні ол әлі сыналған жоқ және тек зерттеу мен әзірлеу сатысында.

Демек, қазіргі уақытта технологияны толық қолдану туралы айту әлі ерте. Бұл өнертабыс пен ДДСҰ-ның жаңа ұсынысдарының арасында ешқандай байланыс жоқ. Бұл ұсынымдар қауіпті жасанды түсік жасатуды қолдамайды, керісінше, олар өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін операциялардың санын барынша азайту үшін қабылданды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button