Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинация жүктілікті тоқтатуға себеп болды»

Танымал қазақстандық Telegram-чатқа қатысушылар COVID-19-ға қарсы вакцина алған жүкті әйелдерде жаппай түсік тастау болатыны туралы ақпарат таратуда. Бұл белгісіз автордың хабарламаларымен расталады. Шын мәнінде, вакцинацияланған әйелдер арасында мұндай ештеңе тіркелген жоқ.


Тәуелсіз ғалымдар жүргізген кем дегенде үш ғылыми зерттеу бар, олар COVID-19 қарсы вакциналар жүкті әйелдер үшін қауіпсіз және мерзімінен бұрын босану қаупін арттырмайтынын дәлелдейді.
Өткен жылдың 8 қыркүйегінде JAMA журналында денсаулықты зерттеу орталығы және Йель университетінің HealthPartners Institute ғалымдары жүргізген зерттеу жарияланды. Зерттеу барысында мамандар 100 мыңнан астам жүкті әйелдің деректерін зерттеді. Нәтижелер вакцинацияланған және вакцинацияланбаған әйелдер арасында түсік тастау қаупі тең екенін көрсетті.
2021 жылғы 14 қазанда The New England Medicine рецензияланған ғылыми журналы COVID-19 қарсы вакцинацияның қауіпсіздігі және оның ұрықтың сәтті өсуіне әсері туралы бірден екі мақала жариялады. Екеуінде де иммундау болашақ анаға да, құрсақтағы балаға да зиян тигізбейтінін дәлелдейтін зерттеу нәтижелері келтірілді.
Минесота университетінің өкілдері барлық үш зерттеудің нәтижелерімен келісті. Оқу орнының ресми сайтында осы ғылыми жұмыстардың үзінділері ұсынылған мақала жарияланды.
2021 жылғы тамызда BBC фертильділікке, мерзімінен бұрын босану ықтималдығына және вакцинацияға қатысты теорияларды егжей-тегжейлі жоққа шығарды. Тілшілер сарапшы ретінде АҚШ-тың репродуктолог дәрігері Рэнди Морристі тартты. Ол ЭКҰ процедурасына дайындалып жатқан 143 пациентін бақылап, жеке шағын зерттеу жүргізген. Олардың арасында вакцинацияланған адамдар да, вакцина алмаған немесе бұрын COVID-19-бен ауырғандар да болған. Дәрігердің бақылауы бойынша, вакцинацияланған әйелдер арасында жүктілік кезінде вакцинаның асқынуынан туындаған жаппай түсік тастау, басқа да асқынулар болмаған. 
Демек, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған жүктілік кезіндегі вакцинация мерзімінен бұрын босануға әкеледі деген пікір негізсіз. Бұл теорияны жоққа шығаратын рецензияланған ғылыми зерттеулер бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button